Мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік органдардың тиімді қызметіндегі маңызды аспект болып табылады.

 Шахтерское ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес бес Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»: мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері - 1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал); 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»: мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері – «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде,
  3. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»: мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы сатып алу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.,
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері- электрондық үкімет веб – порталы (бұдан әрі-портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде,
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері - электрондық үкімет веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыру үшін біз мемлекеттік органда ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды интеграциялау жөніндегі жұмысқа қатысамыз. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша келіп түскен өтініштерді біз «Е-лицензиялау» автоматтандырылған жүйесі арқылы аламыз, өңдейміз, сондай-ақ одан әрі қарау үшін жібереміз.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуы үшін Шахтерское ауылы әкімінің аппаратында өзінің қажетті техникасымен жарақтандырылған «Egov» бұрышы жабдықталған, бұл Шахтерское ауылының тұрғындарына электрондық түрде қызметтерді еркін алуға мүмкіндік береді.  Әкім аппаратында барлық ниет білдірушілер үшін "электрондық үкімет" порталының қызметтерін пайдалану бойынша оқыту тұрақты түрде жүргізіледі, бұл азаматтарға алған білімдерін мамандардың көмегіне жүгінбей-ақ үйде одан әрі пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
08 августа 2024