Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама

Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтерское ауылы әкімінің аппараты ММ –сі 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлеріне мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілді.

2023 жылы электрондық түрде Е-лицензиялау арқылы 8 (сегіз) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 3(үш) жеке тұлғаға , 5 (бес) заңды тұлғаға .

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тіркелген жоқ.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.  Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтар саны - 0.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары:

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 12 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде әлеуметтік желі.

 

Дата публикации
08 февраля 2024