2024 жылдың есепті кезеңінде «Нұра ауданы Нұра кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 266 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
«Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар болған жоқ.