GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 июня 2026
ЖАДНАМА - ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
27 мая 2026
МҰЗБЕЛ АУЫЛЫНДА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес 2026 жылдың 24 мамырында өткен ауыл әкімдерінің сайлауының қорытындысы бойынша Мұзбел ауылының әкімі болып Сәлімжанова Қарлығаш Ғалымтайқызы сайланды.

Қарлығаш Ғалымтайқызы 1981 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының Кертінді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Шахтинск қаласындағы №16 қазақ орта мектебінде бастаған. Әр жылдары білім және мәдениет салаларында түрлі қызметтер атқарып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шығармашылық жұмыстар ұйымдастырушысы, мәдениет үйлерінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Сайлануға дейін Шахтинск қаласы әкімдігінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығында ұйымдастырушы-әдіскер болып еңбек етті.

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңадан сайланған әкімді ресми түрде таныстырды. Кездесу барысында аудан басшысы жаңа әкімге сенім білдіріп, алдағы жұмысына табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

27 мая 2026
МҰЗБЕЛДЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

"9 мамыр – Жеңіс күніне" орай Мұзбел ауылының орталық саябағындағы «Ұрпаққа үлгі болған ерлік – мәңгі жадымызда» атты мемориалды тақта алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым жасалды.

Ел үшін жанын қиған боздақтардың ерлігі мен жанқиярлық батылдығы – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын асыл мұра. Іс-шара барысында ардагерлердің ерлігі еске алынып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Бұл күн - ерлікті ұлықтап, бейбіт өмірдің бағасын сезіндіретін ерекше тарихи дата. Жеңіс жолында қан кешіп, ел болашағы үшін күрескен батырларға құрмет көрсету – баршамыздың қастерлі борышымыз.

Ер есімі - ел жадында мәңгі сақталады!

27 мая 2026
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
27 мая 2026
ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Нұра ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың дайындығына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында өрт сөндіру техникасының болуы мен жай-күйі, ерікті өртке қарсы құрылымдардың жасақталуы, жанар-жағармай қорының жеткіліктілігі, сондай-ақ ықтимал өрт ошақтарына жедел әрекет ету дайындығы қаралды.

Сонымен қатар қызметтердің өзара іс-қимыл жоспарлары, хабарлау жүйелері және қосымша күштер мен құралдарды тарту тәртібі тексерілді.

26 мая 2026
ЭТО ВАЖНО ЗНАТЬ

Специалистами ГУ "Аппарата акима села Мұзбел" была проведена акция "Это важно знать!". В ходе акции были розданы информационные буклеты, разъясняющие основные признаки деструктивных культов и псевдорелигиозных организации.

26 мая 2026
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ФЛЮОРОГРАФИЯ

Жылжымалы кешенді рентген-флюорографиялық мобильді аппараты, 08 сәуір 2026 жылы Мұзбел ауылына келіп, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.

26 мая 2026
ҚАУІПСІЗ ҮЙ

Республикалық "Қауіпсіз үй" жергілікті рейдтік пысықтаулар өткізу аясында Нұра ауданының ПБ ҚҚБ қызметкерлері Нұра ауданы Мұзбел ауылы "Міржақып Дулатұлы атындағы" мектебінің ұжымымен - "Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық, сталкинг және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, отбасындағы қоғамның рөлін нығайту" тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, құқықтық кеңестер беріліп, қажетті жағдайда тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың көмегіне жүгіну тәртібі түсіндірілді.

26 мая 2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Нұра ауданының ПБ ҚҚБ УПИ Нұра ауданы Мұзбел ауылы "Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ" мектебінің оқушылары арасында - құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелері және есірткі қылмыстарының алдын алу, сталкинг, зорлық-зомбылық тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

26 мая 2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Мұзбел ауылында «Заң және тәртіп» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік пен тәртіптің қоғамдағы маңызы айтылды. Қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір азаматтың заңға бағынуы негізгі фактор екені атап өтілді. Іс-шара тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды..

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы