Құрметті Мұзбел ауылының тұрғындары!

Құрметті Мұзбел ауылының тұрғындары!
Баршаңызды елімізге құт дарытқан - Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
 
Әз Наурыз - халқымызда жаңа жылдың бастауы, табиғат ананың қайта жаңғыруын, уақыт пен ұрпақтың үздіксіз байланысын бейнелейді.
 
Наурыз еліміздегі достық пен келісімді нығайтуга септігін тигізетін жалпыхалықтық мейрам. Тамыры терең көктемнің осынау ғажайып мейрамы: ежелден ырыс пен берекенің, молшылықтың, жақсылық пен ізгіліктің нышаны саналған.
 
Күн мен түннің теңеліп, дүниенің жайнайтын сәті Қазақ еліне жақсылығын ала келсін. Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем болып, ынтымағымыз арта берсін.
 
Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен береке, бақыт пен молшылық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
 
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
 
Ізгі тілекпен, Мұзбел ауылының әкімі:
Бекмагамбетова А.К.