2023 жылдың есепті кезеңінде «Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2023 жылдың есепті кезеңінде 1 - мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберілді.