Мұзбел ауылының әкімі Е.Е. Абаевтың
2022 жылда атқарған жұмысының есебі
Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы және жиынға жиналған қауым!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» - атты халыққа Жолдауындағы – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстана отырып, 2022 жылғы Мұзбел ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен алға қойған мақсат, міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер!
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
Мұзбел ауылдық округ аумағының жалпы ауданы – 41 332 га.
Жер санаттары бойынша: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 36 662 га, елді-мекен жерлері – 4008 га, босалқы жер – 662 га құрайды.
2022 жылы Мұзбел ауылының халық саны – 672 адам құрады, оның ішінде – 16 ұлт өкілдері бар.
Аулалар саны – 185.
Ауыл бойынша зейнеткерлер – 74 адам, оның ішінде 70 жастан асқан –
27 қария бар.
Барлық топтағы мүгедектер – 21 адам, оның ішінде 16 жасқа дейін –
1 бала.
Алтын алқасы бар – 5 ана, Күміс алқасы бар – 3 ана.
Жұмысқа қабілеттілер саны: 412 адам.
Оның ішінде:
Білім саласында – 35 адам;
Денсаулық сақтау саласында –1 адам/қызметкер ;
Мәдениет саласында –3 адам/қызметкер;
Мемлекеттік қызметте –5 адам/қызметкер;
Жеке кәсіпкерлер саны – 10 адам;
Ауыл шаруашылығы саласында – 211 адам жұмыс жасайды.
АУЫЛ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2022 жылы қаңтар айынан бастап, әр-түрлі сұрақтармен ауыл әкімінің қабылдауында – 7 ауыл тұрғыны қабылданды.
Ауызша 7 өтініш келіп түсті, барлығы оң нәтижемен орындалды.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 7 өтініш қабылданып, оның ішінде:
1 – өтінішке бас тарту бойынша дәлелді жауап берілді,
3 – қызмет көрсетілді, (оның ішінде байланыс мұнарасының жалға алған жер мерзімін ұзарту, медициналық пункт және бір жеке тұлғаға жер учаскелеріне құқықтарды алу үшін).
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер заң нормаларына сәйкес бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері – бұзылған жоқ.
Нотариаттық – 1 іс-әрекет жасалды.
Сонымен қатар, ауыл әкімі аппаратында ұйымдастырылған «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы ауыл азаматтары алған қызметтер саны – 232-ке жетті, оның ішінде – ЭЦК, тұрғылықты жерге тіркелу мен шығу, сотталған/сотталмаған туралы анықтама, наркологиялық есепте бар/жоғын анықтайтын құжат, жылжымайтын мүліктің бар/жоғын растайтын анықтама, әскери билет алу, медициналық мекемеге тіркелу атты қызметтер көрсетілді.
АУЫЛ ӘКІМІ АППАРАТЫ БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ
2022 жылға Мұзбел ауылы әкімі аппаратына бөлінген бюджеттік қаржы көлемі – 32 млн. 491 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- Ауыл әкімі аппаратының қызметіне бөлінген қаржы –
31 млн. 792 мың теңгені құрады.
- Көше жарықтандыруға – 699 мың теңге бөлінді.
- Күрделі шығыстар (гос.символика) – 65 мың теңге.
- Автокөлік жолдарын күту – 500 мың теңгені құрады.
ӘСКЕРИ ЕСЕП
Әскери есеп үстелі бойынша, әскери-міндеттілер саны – 110 адам, оның ішінде: Офицерлер саны – 3 адам, сержант пен солдаттар саны – 107 адам, Әскер қатарына шақырылғандар саны – 20 адам құрады. Әскери міндетін атқарып жатқан – 4 адам бар.
САЛЫҚ
Биылғы жылы жергілікті бюджетке жеке тұлғаларға салынған жер мен мүлікке салынатын салық бойынша – 63 013 теңге, яғни 100% жиналды.
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША
Ауыл аумағында жалпы тіркелген жеке кәсіпкерлікпен айналысатын, адам саны - 6. Атап айтқанда:
- Дүкендер саны – 3 (екі азық-түлік дүкені және бір киім-кешек дүкені бар),
- Мал өсірумен айналысатын – 3 адам бар (қой өсіру – бір, жылқы өсіру – бір, және ірі қара мал өсіру – бір адам).
Сонымен қатар, ауылымызда «Пржевальское» ЖШС-не қарасты 1 наубайхана жұмыс істейді, күніне 300-ге жуық нан шығарады, нанның бағасы – 90 теңгені құрайды.
Ағымдағы 2022 жылы, «Zhas Project» жобасы аясында, жұмыссыз жастардың арасынан - Кадирбек Даулетхан бизнес-жобасымен, өз кәсібін бастау үшін 1 млн. теңге көлемінде шағын грант иегері атанып, жақында «Otandyq Shoes» (Отандық шьууз) аяқ киім тігетін шағын шеберханасын ашты.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2022 жылы ауыл бойынша жаңа форматтағы арнайы атаулы көмекті алу үшін – 4 отбасы өтініш білдіріп, оның ішінде күнкөріс деңгейінен төменгі болып есептелген – 2-ші тоқсан бойынша 1 отбасыға жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тағайындауымен тұрғын үйге арналған жәрдемақыны жалғыз басты бір зейнеткер мен ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі бір азамат алуда. Барлығы – 2 адам
Қоғамдық жұмыстарға осы жыл бойы – 8 адам тіркеліп, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына қатысты, барлығы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Жалпы жыл басынан ауыл бойынша, аудандық жұмыспен қамту орталығына – 21 адам тіркеліп, жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту орталығында, қазіргі таңда тіркеуде тұрған жұмыссыз – жоқ.
2022 жылы өткізілген қайырымдылық шаралары бойынша:
- «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында 500 000 теңге көлемінде барлығы 200 дана тәттілер салынған қорапшалар ауылымызда тұратын барлық балаларға үлестірілді.
- «1 қазан - Қарттар күні» қарсаңында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жалпы сомасы 870 000 теңге, әр адамға 10 мың теңге көлеміндегі сыйақы табыс етілді.
- «Жаңа жыл мерекесі» қарсаңында 148 мың теңге. Аталған шаралар «Пржевальское» ЖШС демеушілігімен жүзеге асырылды. Мұндай шаралар әрдайым болып тұрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Ауыл аумағында: дәнді-дақылдыларды өсірумен айналысып отырған ең ауқымды 1 кәсіпорын – «Пржевальское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар, 13 – қожалық бар, оның ішінде – 4 фермерлік, 9 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.
Сондай–ақ мал шаруашылығымен айналысатын 3 жеке кәсіпкер жұмыс істейді (жылқы – 1, ҰМ – 1, ІҚМ-1).
«Пржевальское» ЖШС аумағы – 33 857 гектарды құрайды.
«Пржевальское» ЖШС-ің биылғы жылы көктемгі егістік кезеңінде жалпы көлемі – 25 033 га. жерге астық егіліп, толығымен жиналып алынды.
Оның ішінде:
бидай – 23 586 га.
арпа – 1079 га.
сұлы – 368 га.
«Пржевальское» ЖШС-і бойынша өнім сапасы – 7,0 ц/га құрады.
«Пржевальское» ЖШС демеушілігімен 11 тонна мал азығы Нұра кентінің зейнеткерлеріне төмен бағамен таратылды.
Жалпы фермерлік-шаруа қожалықтары бойынша:
Ш/Қ және Ф/Қ бойынша жалпы егістік жер көлемі – 2871 га құрайды.
Ш/Қ және Ф/Қ аумағы - 2540 гектар жерге астық егіліп, толығымен жиналды: бидай – 2510 га., арпа – 30 га.
Шаруа қожалықтары бойынша жалпы өнім сапасы - 9,0 ц/га құрады.
Ауылдық округ бойынша жиналған шөптің қоры – 871 тонна.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
«Пржевальское» ЖШС-і бойынша 2022 жылы сатып алынған ауыл шаруашылық техникасының жалпы құны - 149 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: -- 4 бірлік БЕЛОРУС тракторлары - 75 млн. тг., КРАН – 1 бірлік -74 млн. тг.,
- 2 астық сақтауға арналған қойма - 60 млн. тг. және 75 млн. тг.
Яғни, 2022 жылы «Пржевальское» ЖШС-і бойынша негізгі капиталға салынған инвестициянының жалпы құны - 284 млн. тг құрады.
2022 ж. қаңтардың 01-не және 2023 ж. қаңтардың 01-не қалыптасқан, Мұзбел ауылдық округы бойынша мал санының жалпы көрсеткіші:
|
Малдың түрі |
01.01.2022 |
01.01.2023 |
айырмашылығы |
|
Ірі қара мал |
720 |
734 |
+14 |
|
Ұсақ мүйізді мал |
1355 |
1367 |
+12 |
|
Шошқа |
1261 |
1429 |
+168 |
|
Жылқы |
488 |
487 |
-1 |
|
Құс |
4938 |
4940 |
+2 |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі бойынша:
оның ішінде: 11 сыныпта – 6 бала, 9 сыныпта – 9 бала бар;
- үлкен мектепте сыртқы бейнебақылау - 25,
- ішкі бейнебақылау - 20,
- бастауыш мектепте сыртқы бейнебақылау - 7,
- ішкі бейнебақылау – 9.
7) Физика кабинеті – 1, жалпы сомасы – 6 млн. 569 мың 540 тг. құрайды.
8) Химия кабинеті – 1, жалпы сомасы – 2 млн. 688 мың 560 тг. құрайды.
9) Технология кабинеті – 1, жалпы сомасы – 3 млн. 267 мың 540 тг. құрайды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауылда медициналық пункт жұмыс жасайды.
2021 жылы 2022 жылы
Туылған сәбилер саны – 11 бала, Туылған сәбилер саны – 8 бала,
Қайтыс болғандар саны – 4 адам, Қайтыс болғандар саны – 3 адам,
Балалар өлімі – жоқ, Балалар өлімі – жоқ,
Онкология – 6, Онкология – 4,
Туберкулез – жоқ, Туберкулез – жоқ
Қант диабеті – 7 адам. Қант диабеті – 7 адам.
Флюорография – 81 %, Флюорография – 85%.
(қалғаны жүріп-тұра алмайтын кісілер)
Бекітілген кестеге сәйкес ауылымызға жылжымалы әлеуметтік дәріхана келіп тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Ауылда 200 орындық Мәдениет үйі бар.
Мәдениет үйінің штаттық құрамы - 7 адам құрайды.
2022 жылдың жылдық жоспары бекітіліп, жыл басынан бері ресми, бейресми мерекелерде тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатында өткен «Парасатты отбасы» аудандық байқауында «Абай Құрманғазы» отбасы жүлделі I орынға ие болды.
- «Ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі күні» мерекесі қарсаңында Мұзбел ауылының тұрғыны, «Пржевальское» ЖШС механизаторы Шерубай Кадирбек «Үздік механизатор» номинациясы иегері атанды.
Мәдениет үйіне музыкалық аппаратура қажет.
КІТАПХАНА қазіргі таңда ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының ішінде, бір бөлмеде қызмет атқаруда.
Оқырмандар саны – 550 адам құрады, оның ішінде 130 бала бар.
Жалпы кітап қоры – 4837 кітап
2022 жылы 210 кітаппен толықтырылды.
Жалпы жыл бойы – 183 келуші тіркелді.
Мұзбел ауылының кітапханасының жанынан «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы орталығы» ашылған. «Сыбайлас - жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мақсатында жыл бойы жастар мен жасөспірімдермен кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
СПОРТ
САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
Көктемгі, жазғы және күзгі санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша келесі жұмыстар бекітілген жоспар бойынша атқарылды:
«АЙТЫЛДЫ – ЖАСАЛДЫ»
Мұзбел ауылының тұрғындарының өтініштері бойынша:
|
№ п/п |
2021 ЖЫЛЫ ЖОСПАРЛАНЫП, КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР |
|
1 |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылдың барлық 12 көшесінің ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, ауыл көшелері толықтай асфальтталған – жалпы сомасы 267 млн. 299 мың 999 теңгені құрады. |
|
2 |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы бойынша, жалпы сомасы 108 млн. 200 мың 571 теңгеге М. Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
|
3 |
Көше бейнебақылау камералары – 4 дана, жалпы сомасы – 432 мың теңгеге орнатылған. |
|
4 |
Саябақтағы жалпы ауданы 5000 шаршы метр аумаққа толықтай асфальт төселді. Жобаның жалпы құны: 32 млн. 500 мың тг. Демеушілік көрсеткен: «Пржевальское» ЖШС. |
|
5 |
Көше арасында автокөлік құралдарының қозғалыстарын реттеу мақсатында, жүру белгілерін айқындайтын ескерту жол белгілері және көше арасында ауыр жүк-көліктерінің қоғалысына шектеу жасау үшін шлагбаумдар орнатылған. |
- Ауыл аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында барлық көшелерге жасанды жол кедергілері (лежащие полицейские) орнатылды.
- «Нұра ауданында өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі 2021-23 жылдарға арналған жоспарына» сәйкес Мұзбел ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.
- Жастармен жұмыс ретінде, бос уақыттарын тиімді пайдалану, спортқа тарту жұмыстары белсенді жалғасуда. Жастарды жан-жақты қолдау мақсатында, медбике және электрик мамандықтарының иесі болып келетін жас отбасыға үй мен жұмыс орындары ұсынылды.
Ауыз су: Ауыл ауыз сумен толықтай қамтылған.
Электроэнергия: ТКС (трансформаторлық қосалқы станциялары) КТП-ның жалпы саны – 4 дана, Ауылдың 85 пайызы жарықтандырылған. Ауыл аумағын жарықтандыру мақсатында 2022 жылы, қосымша 11 көше жарықшамдары орнатылды.
Интернет: Мұзбел ауылында Кең жолақты интернет жүйесі радиомост «нүкте-көпнүкте» технологиясы бойынша іске қосылып, жоғары жылдамдықты интернет жұмыс жасауда.
Ұялы байланыс: Ауыл аумағында орналасқан байланыс мұнарасы арқылы үш ұялы байланыс операторлары (Tele2/Altel, Activ/Kcell және Beeline (3 G жылдамдығымен) іске қосылған.
МҰЗБЕЛ АУЫЛЫНДАҒЫ 2022 ЖЫЛҒА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
(Сонымен қатар, мектепте аварийная печка жоқ, қазіргі таңда қолданыстағы КСВр-150 пеші өте ескі, осы мәселені шешу үшін қосымша бір пеш салу немесе пешті жаңарту аса қажет).
5 216,424 теңгеге жоспарлануда.
Халық алдындағы жауаптылық деңгейімді барынша ескере отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты - азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге бар күш-жігерімді жұмсаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!