Мұзбел ауылы әкімінің аппаратымен 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Аталған барлық 6 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету стандарттары бекітілген.
2020 жылы барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2 қызмет қағаз нысанында қызмет көрсетуші арқылы ұсынылды.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ.
Сондай-ақ, есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2020 жылы 4 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.