Қарағанды облысы «Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің аппараты» ММ-де барлығы – 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 5 – мемлекеттік қызмет электронды форматта және 3 – мемлекеттік қызмет қағаз түрінде ұсынылады.
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 4, оның ішінде:
– Көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан, қызмет алушыларға балама негізде қағаз нысанында – көрсетілген жоқ;
– Е-лицензиялау арқылы көрсетілген қызметердің саны, барлығы – 4, оның ішінде қызмет түрлері бойынша:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 1 (жеке тұлға);
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 3, барлығы – 3 (жеке тұлға).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден 2025 жылы дәлелді бас тартулар – болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына 2025 жылы шағымдар – түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларына қатысты:
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша – 12 ақпараттық-анықтамалық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындарға жыл бойы – 250 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.