Выступление акима

Құланөтпес ауылы әкімі Ардақ  Ахметұлы  Абеновтың  2023 жылы атқарылған жұмыстарының есебі

Құрметті  Бақытжан Мылтықбайұлы  және жиынға жиналған қауым!

                   Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы

2023 жылы  Құланөтпес ауылдық округінің халық саны – 353 адам, оның ішінде Құланөтпес  ауылында - 198, Ақтүбек ауылында – 54  адам, Нығыман ауылында - 101.Аула саны -  88, оның ішінде Құланөтпес ауылында – 48,  Ақтүбек  ауылында – 18  үй, Нығыман ауылында – 22 үй.Округ бойынша зейнеткерлер – 32 адам.Барлық топтағы мүгедектер  – 5 адам. І топ мүгедегі – 2 адам, ІІІ мүгедегі – 1 адам, бала күнінен мүгедек – 2 адам. «Алтын алқа» иегерлері – 2 адам, «Күміс алқа» иегерлері - 3 адам. Жұмысқа қабілеттілер саны: 208  адам. Оның ішінде:

 Білім саласында – 20;

Денсаулық сақтау саласында –2;

Мәдениет саласында – 2;

Мемлекеттік қызметте – 3;

 Жеке кәсіпкерлер саны -8;

Шаруа қожалықтарында – 28 адам.  

         2023 жылы қаңтар айынан бастап   жеке тұлғалардан – 2 арыз түсті, заңды тұлғалардан - 3  арыз түсті. Көтерген мәселелер бойынша түсініктеме беріліп, қанағаттанарлық іс-шаралар жасалды, 5  шешім, 65  өкім шығарылды.5  нотариалдық іс әрекет жасалды.

                     Әлеуметтік саладағы іс - шаралар

2023  жылы жұмыспен қамту орталығында  15  адам тіркеліп, әр салаға   жұмыстарға  орналасты.

                            Ауыл шаруашылық саласы.

    Барлық жер көлемі – 144 017 га, шабындық жер – 6 094 га, жайылым жер – 134 223 га, 

Құланөтпес ауылының тұрғын жері – 17 441,1 га, Ақтүбек ауылының тұрғын жері – 8 762,04 га, Нығыман ауылының тұрғын жері – 4 648,3 га.  Қосымша 8900 га жер телімі 4 жыл 10 ай мерзімге берілді. Құжаттары барлығы толығымен заңдастырылған.

28 шаруа қожалығы тіркелген.

Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығындағы мал саны: ірі қара мал – 2468  бас, ұсақ мұйізді мал – 4127  бас, жылқы – 2131 бас,   құстар – 1880 бас.

 Шаруа қожалықтарындағы мал саны: ірі қара мал – 2525 бас, ұсақ мұйізді мал – 3321  бас, жылқы – 2641  бас, құстар – 1030  бас.

 Округ бойынша ветеринарлық қызметімен мал саулығы қадағаланады. Округ  бойынша мал дәрігері Әлібек Копжан өз жұмыстарын атқарып жүр.

                                       Білім беру саласы.

        Құланөтпес негізгі орта мектебінде оқушылар саны - 61 бала.     Мектеп жанындағы интернатта 20 бала жатып оқиды. Мектепте 17 мұғалім қызмет істейді, барлығы жоғары білімді.    Интернет желісі мен бейне бақылау құрылғысы орнатылған,жұмыс жасап тұр.

       Мектеп оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен аудандық пәндік олимпиадаларына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.Нығыман бастауыш мектебінде оқушылар саны - 8 бала.     Мектепте 3 мұғалім, 1 тәрбиеші  қызмет істейді.  Интернет желісіне қосылған.

                                       Денсаулық сақтау саласы.

Құланөтпес ауылындағы  фельдшерлік пункте 1 дәрігер, 2 медбике жұмыс істейді.  Округ бойынша скринингтік тексерістен тұрғындар 100 пайыз өтті. 2023 жылы 5 бала дүниге келді. Қан қысымы жоғары, қант және демікпе дертімен ауыратын тұрғындар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі.  Тіркеуде 1 жүкті әйел бар.

 Мәдениет саласы.

Ауылда 50 орындық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде барлығы  6 адам жұмыс істейді - меңгеруші,мәдени ұйымдастырушы, үш күзетші, бір еден жуушы.

Мерекелік іс – шаралар өткізіліп тұрады.

Ауылда  кітапхана халыққа кызмет көрсетеді. Жылда кітапхана жаңа кітаптармен толықтырылып отырады.  

Әр мерекелік күндерге байланысты іс- шараларды мектепте және оқырмандар арасында кітапханада талапқа сай өткізіп отырды. 

Санитарлық тазалау бағытта апта сайын «Таза бейсенбілік», сенбілік күндерінде ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, ұжымдар ауыл ішін және үйлерінің маңайын тазалауға шығып тұрды.

ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

  1. Жолдарды қардан тазалау жұмыстары жұргізілді.
  2. Иессіз қалған күл – қоқыстар шығарылып тазаланды.
  3. Мемлекеттік және ұлттық шаралар өткізіліп, баннерлар алынып орнатылды.
  4. Ауыл тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімдері беріліп, құрылыстар жүргізілді.
  5. Көше жарықтандыру бойынша 10 (он) фонарь орнатылды.
  6. Ақтүбек ауылына  су тұщытқыш қондырғысы орнатылып, қолданысқа берілді.
  7. Нығыман ауылына жаңадан су тұщытқыш қондырғысы орнатылып, қолданысқа берілді.
  8. Құланөтпес – Нығыман 27 шақырым қатынас жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су ағар құбырлар орнатылды.
  9. Құланөтпес – Ақтүбек 9 шақырым қатынас жолына жөндеу жұмысы жүргізіліп, су ағар құбырлар орнатылды.
  10. Құланөтпес ауылына ауыз су жүргізу жұмысы басталды, 2024 жылы іске қосылады.
  1. Құланөтпес 30 шақырым тас жолына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Маусымдық жұмыстарды Құланөтпес, Ақтүбек, Нығыман қатынас жолдарына (шөбін қыру, қардан тазалау, тегістеу жұмыстары) «Нұржол» ЖШС техникасымен ұдайы жүргізіліп тұрды.
  2. Ғаламтор желісіне қосылу мәселесі бойынша қазіргі уақытта Құланөтпес ауылы 2023 жылдың 15 желтоқсанынан бастап қосылды.

ЖОСПАРЛАР

  1. Ақтүбек, Нығыман ауылдарын заман талабына сай ғаламтор желісіне қосуды жүзеге асыру.
  2. Санитарлық тазалық, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жалғастыру; көшелелерді жарықтандыру жұмысын қолға алу.
  3. Шағын және орта бизнесті жүргізу бойынша несие алу туралы ауыл тұрғындарының ішінде насихат жүргізу.
  4. Ауылдың демографиялық жағдайын арттыру.
  5. Балалар ойын алаңын орнату қажет.
  6. Ауыл әкімі ғимаратына ағымды жөндеу қажет.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

выступление акима
Дата публикации
05 апреля 2024