Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның 2022 жылғы қызметі туралы есеп

2022 жылдың есепті кезеңінде «Нұра ауданы Көбетей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 15 (он бес) мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 15 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ешқайсысы болған жоқ.

Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2022 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

Дата публикации
08 августа 2024