Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның 2021 жылғы қызметі туралы есеп

2021 жылдың есепті кезеңінде «Көбетей-Нұра ауданы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 16 (он алты) мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 12 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді, 4 - халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2021 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 бас тарту тіркелді.

Дата публикации
08 августа 2024