Көбетей ауылдық огруг әкімі аппаратының 2023 жылғы атқарылған жұмыстары және 2024 жылға жоспарлары туралы баяндамасы
Нұра аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 100 шешіміне 37 қосымша
2022 жылға арналған Көбетей ауылдық округінің бюджеті
2022 жылға Көбетей ауылының аппаратына бөлінген бюджеттік қаржы көлемі 29 млн.651 мың теңге құрайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы
Жергілікті кауымдастық комиссия мүшелері бөлінген бюджеттік қаржыны ауылдың көркеюіне және абаттандыру жұмыстарына, тағы басқа салаларға протокол арқылы шешімін береді. Оның ішінде:
- Көше жарықтандыру -2 млн.059 мың теңге;
- ауылды абаттандыру және көгалдандыру-669 мың теңге;
- ауыл ішкі көше жолдарын қардан тазалау-500 мың теңге;
- Баннерлерге – 200 мың теңге.
Салық саласы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
2022 жылға жергілікті салық түсімдерінің жоспары 3 млн 237 мың теңге, іс жүзінде 5 млн 569 мың 967теңге түсті.
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы- 36, 181 теңге;
-жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық-215,038 теңге;
-жер салығы-10,453 теңге;
-заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық-326 мың теңге;
-жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық-3 млн 004,783 теңге;
-жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы-1 млн 977,557 теңге.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ.
Халықты жұмыспен қамту туралы
3-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары
Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2022 жылға Көбетей ауылдық округі бойынша жұмыспен қамту жоспары 100% орындалды.
Жыл басынан жалпы ауыл бойынша, аудандық жұмыспен қамту орталығына – 50 адам тіркеліп, жұмысқа орналастырылды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңы.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес көп балалы отбасыға 2022 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек 6 отбасыға көрсетіліп,3 млн. 885 мың теңге төленді. Аз қамтылған отбасыларға, ет берді. 4- мүгедек балалары бар отбасыларға 20 мыңнан «Чернигов және К» ЖШС-ің директоры ел азаматы Канапин Айдос Магауинович демеушілік көмек көрсетілді.
«007» бағдарлама бойынша 84 мың 456 теңге 4 адам әлеуметтік көмек берілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
2022 жылы қаңтар айынан бастап әр-түрлі сұрақтармен ауыл әкімінің қабылдауында 20 ауыл тұрғыны қабылданды. Жеке тұлғалардан–18 адам, заңды тұлғалардан–2 адам. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріліп, қанағаттанарлық іс-шаралар жасалды, 65 өкім шығарылды,15 мемлекеттік кызмет көрсетілді. 4 нотариалдық іс әрекет жасалды.
ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Көбетей округі бойынша барлық жер көлемі–53 289 га, егістік жер- 13 512 га, оның 10 700 га – «Чернигов және К» ЖШС-ің бидай,зығыр –1700 га, шаруа қожалығы -1832 га бидай,1200 га – арпа отырғызды.
Округ бойынша 32 шаруа қожалығы тіркелген.
Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығындағы мал саны: ірі қара мал – 730 бас, ұсақ мұйізді мал – 1960 бас, жылқы – 610 бас, шошқа – 29 бас, құстар – 2898. Жеке шаруа қожалықтардағы мал саны ірі қара мал – 738 бас, ұсақ мұйізді мал – 1235 бас, жылқы – 412 бас.
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ІС ШАРАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына 1-қосымша
Жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Көбетей округ бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық сенбіліктер өткізілді. Сенбілікке барлық ұйымдар мен тұрғындар жұмылдырылғанда жалпы 0,25 га аумағы тазартылды.Кесілген ағаштар 100 дана. Сондай-ақ жеке ауладан 1800 тонна қоқыс шығарылды.
Әкімшілік қызметкерлері елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес тұрғын үйлердің, жер учаскелерінің иелері үй жанындағы іргелес аумағының және жер учаскелерінің тазалығы мен тәртібін сақтау бойынша ауыл тұрғындарына 100 хабарлама таратты.