4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара аясында мектеп және әкімшілік ұжымдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындады.
Халықаралық балаларды қорғау күнінің алдында, ол 1 маусымда атап өтіледі, Кертенді ауылында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға көңілді әндер орындалды, билер биленді және әртүрлі қызықты ойындар өткізілді. Мерекеге қатысқан кішкентай қатысушыларға сыйлықтар тапсырылып, жақсы көңіл-күй сыйланды.
Сонымен қатар, ауыл имамы Мейрам Амантайұлының демеушілігімен «100 балаға – 100 балмұздақ» акциясы өткізіліп, оның аясында балаларға балмұздақ таратылды.
24–29 мамыр күндері Қарағанды қаласында бокстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арасында өткен республикалық жарыста Нұра ауданы, Кертінді ауылының тумасы Өміртай Нұрхан Нұрболатұлы тамаша өнер көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Кертінді ауылының орталық саябағындағы 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш маңында митинг өткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Кертінді ауылы әкімдігі аумағында ағаштар отырғызылды.
Кертінді ауылындағы «Балдырған» балалар алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоршаулар, ойын элементтері жаңартылып, боялды, сонымен қатар орындықтар жөнделді.
Субсидирования арқылы алынған ауыл шаруашылық техникалары.
Кертінді ауылы әкімінің аппараты 2024 жылғы жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқада нормативтік–құқықтық актілеріне сәйкес жұмыс жоспарларын іске асыруымен бірге, Мемлекет басшысының әкімдердің алдында қойған нақтылай талаптарын ескере отырып, жұмыстарын жүзеге асырды.
Нұра ауданының әкімі Б.М.Мұқанов Кертінді ауылыңдағы Наурыз мерекесіне арнайы өтіп жатқан мерекелік ісшараға қатысып, ауыл тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Қой көтеру" сайысының жеңімпаздары 1орын Оразбекова Гүлдана 110 рет көтерді, 2 орын Абдикешова Меруерт 104 рет көтерді, 3 орын Оспанова Айдана 79 рет көтерді ауылымыздын батыр қыздары жасасын.