Ауыл әкімінің есебі

Кертінді ауылы әкімі Г.Т.Хасеновтың 2023 жылы атқарылған

жұмыстарының есебі

               Құрметті Бакытжан Мылтыкбайұлы!

Кертінді ауылы әкімінің аппараты  2023 жылғы  жұмысын  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»   Заңдарына және Қазақстан Республикасының  басқада  нормативтік–құқықтық актілеріне сәйкес  жұмыс  жоспарларын  іске  асыруымен  бірге,  Мемлекет басшысының әкімдердің алдында  қойған  нақтылай  талаптарын  ескере  отырып,  жұмыстарын  жүзеге  асырды.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.

   Қызылтал ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады:

 Кертінді ауылы және Алғабас ауылы.

2023 жылы Қызылтал ауылдық округінің халық саны 1237 адам, оның ішінде Кертінді ауылында – 898, Алғабас ауылында – 339 адам. 7 ұлт өкілдері тұрады.

Аула саны – 295, оның ішінде Кертінді ауылында – 200, Алғабас ауылында – 95 үй.

Округ бойынша зейнеткерлер – 208 адам, оның 2 – і тыл ардагерлері .

1–Ауған соғысының ардагері. І, ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндіктері шектеулі – 57 адам.«Алтын алқа» иегерлері – 23 адам, «Күміс алқа» иегерлері – 14 адам.

Жұмысқа қабілеттілер саны: 828 адам. Оның ішінде:

Денсаулық сақтау саласында –7;

Мәдениет саласында – 9;

Мемлекеттік мекемеде 225;

Жеке кәсіпкерлер саны – 25;

Шаруа қожалықтарында – 86 адам.

2023 жылдың Ауыл әкім аппаратының бюджеті:

  • ауыл әкімдік аппаратын қолдау үшін 001бағ. – 33млн 293мын теңге;
  • Көше жарықтандыру 008бағ. – 746 мың теңге;
  • Елді мекенді санитариялық қамтамасыз ету 009бағ.-210 мың теңге;
  • Ауыл ішіндегі көлік жолдарың қамтамасыз ету 013бағ. – 800 мың теңге.
  • Капиталдық салымдар 022бағ.- 300 мың теңге;
  • «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру 057 бағ.- 87 млн. 128 мың теңге;

         2024жылы қаңтар айынан бастап әр – түрлі сұрақтармен  көтерген мәселелер бойынша түсініктеме беріліп, қанағаттанарлық іс – шаралар жасалды, 91 өкім шығарылды, 10 мемлекеттік кызмет көрсетілді.

           Әскери есеп үстелі бойынша 2023 жылы әскери есепке 214 әскери міндетті тіркелген.

Офицер құрамында 5 адам, сержант құрамында 21 адам, округ бойынша әскерге шақырылушылар саны – 15 адам.

Салық саласы

2023 жылға жергілікті салық түсімдерінің жоспары 3937000 теңгені құрады, нақты орындалуы 5646500 мың теңгені немесе 143% құрады, оның ішінде:

№

БСК

жоспар

факт

%

1

104102 мүлік салығы

167000

196450

117,6

2

104302 – жер салығы

31000

12100

39

3

104402 - көлік салығы

3083000

4128970

133,9

4

105315 – Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

260000

464120

178,5

5

104501 –бірліктірілген жер салығы

282000

37750

13,4

 

Барлығы

3937000

5646500

143

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ :

Барлық жер көлемі – 71361 га,  елді мекен жер көлемі -10280 га., 37815 гектары жайылымдық жер, 29034 гектары егістік жер.

 Аумақта – 49 шаруа қожалығы және – 14 фермерлік қожалық бар.

  • АШК «Казгородок СҮТ», және «Алғабас сүт»  кооперативтері тіркелген.

2023  жылы егістік көлемі 13652 га, оның ішінде  9657 га – бидай, 3786 га – арпа,36 га сұлы егілді. Өнім  5 ц.

Қызылтал округі бойынша шаруашылығындағы мал саны:

Малдың түрі

    2022 жыл

2023 жыл

айырмашылығы

Ірі қара мал

2682

2316

-366

Ұсақ мүйізді мал

3141

2621

-520

Жылқы

2253

2182

-71

Шошқа

28

19

-9

Құс

4361

4939

+578

Ауылымызда «Алпыс», «Досполов К», «Таймбеков А.», «Раскоп Т.»  «Алимбаев» , «Бижкенов Н.У.», «Манапов С», «Шанс» шаруа қожалықтары  қара мал тұқымын асылдандыруда белсенді жұмыс жасауда.

           Ауылымыздың тұрғындары жыл сайын өткізілетін «Ауыл Береке» жәрмеңкесіне белсене қатысуда.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасыға көрсетілді. І – II топтағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға және жалғызбасты қариялардың жанына аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі мен біріге отырып, әлеуметтік 3 қызметкерлер тіркелген.

Қоғамдық жұмыстарда 11 - адам тіркеліп, ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып, аббаттандыру жұмыстарында қатысты.

Әлеуметтік жұмыс орындарында (СРМ) 4 шаруа қожалықта–13 азамат жұмыспен қамтамасыз етіліп, жұмыс атқарды.

         «Мектепке жол» акциясы бойынша Пушкин негізгі мектебі оқушыларына  25000  теңге көлемінде көмек көрсетсе. Тірек мектеп (РО) М.Сүлейменов ЖОББ мектеп оқушыларына, мектепке қажетті оқулық-дәптерлер, кеңсе тауарларымен  жалпы сомасы 20 000 теңге көмек көрсетті.

          Жаңа жыл шыршасында ауыл азаматтары демеушілігімен 0 – 5 жаска аралығындағы   балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратылды.

        Ауылымыздың ақжаулықты әжелеріміз, тыл ардагерлері Тұмар әжемен Мария әже 2023 жылы Ұлы Жеңіс күніне орай облыс әкімінің қабылдауына қатысты.

       Ауылда аудандық Ардагерлер кеңесінің көшпелі семинары өтті.

        Тәуелсіз мерекесі қарсанында құрылыс саласының ардагері Алимбаев Тельман Акашевич Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министірлігінің « Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Ауыл аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлерлер саны – 25 адам (дүкендер – 7, басқа салаларда – 18 адам)

 Өткен жылы 2,5 пайыздық несиемен екі жас кәсіпкер 10 млн. көлемінде несие алып өз істерін бастаса. Бір кәсіпкер 1млн.800 мың теңгеге грант иегері болды.

Облыс әкімінің қатаң бақылауында тұрған мәселелердің бірі баға –  саясаты бойынша әлеуметтік – маңызды азық-түліктер тізімі бойынша  7 дүкенмен негізсіз баға көтермеу жөнінде меморандум шарты жасалды.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ. :

М. Сүлейменов атындағы Тірек мектеп (РО) мектебінде оқушылар саны – 137 бала. Мектеп алды даярлық тобындағы оқушылар саны – 12 бала.. Шағын орталықта балалар саны – 32. Оның ішінде 19 бала толық күнді қамтитын топта, 13 бала жарты күнді қамтитын топта тәрбиеленеді. Мектепте 27 мұғалім қызмет істейді, оның ішінде 25 – сі жоғары білімді, 2 – уі арнаулы орта білімді. Сонымен қатар, 62 компьютерлік техника, оның ішінде 35 компьютер, 25 ноутбук. 2 моноблок  Интернет желісіне қосылған.

        Пушкин негізгі орта мектебінде оқушылар саны – 26 бала. Шағын орталықта балалар саны – 8. Мектеп алды даярлық тобындағы оқушылар саны – 5 бала Мектепте 13 мұғалім қызмет істейді, оның ішінде 12 – сі жоғары білімді, 1 – уі арнаулы орта білімді Сонымен қатар, 10 компьютер бар.Интернет желісіне қосылған.

     Мектеп оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен аудандық,облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларына  қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ :

Қызылтал округі бойынша фельдшерлік пункте 4 медбике жұмыс істейді. Округте 13 адам онкологиялық ауруына тіркелген. Округ бойынша скринингтік тексерістен тұрғындар 100%  өтті. 2023 жылы 12 бала дүниге келді.

630 адам флюрографиядан өтті, 135 адамға тұмауға қарсы екпе алды.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ :

Ауылда 196 орындық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде барлығы 7 адам жұмыс істейді – меңгеруші, мәдени ұйымдастырушы, үш күзетші, екі еден жуушы.

Жоспарға сай мемлекеттік, ұлттық мерекелер өтіп тұрады Хореография, вокал үйірмелері бар. Ауыл тұрғындары аудандық байқауларға белсене  қатысып жүлдері орындар алуда.

 

Ауыл  кітапханасы

Кертінді ауылы модельдіқ кітапханасы халыққа кызмет көрсетеді. Кітап қоры 7419 дана, 605 оқырмандар бар, олардың арасында кездесулер, дөңгелек үстел, кітап көрмесі тағы басқа іс – шаралар өтізіліп тұрады. Балалар кітапханасында 4280 дана, 200 оқырман бар.

 Алғабас ауылының кітапханасында кітап қоры 5956 дана, 290 оқырмандар бар.

Жылда кітапханалар жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. «Ауылдық  кітапхана – құқықтық ақпарат орталығы»   атты жоба іске асырылуда. Жоба мақсаты - ауыл тұрғындарының барлық әлеуметтік  реформаларға, мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз  ету.  

ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Кертінді ауылында барлығы 11 трансформатор

Кертінді ауылында 10 трансформатор ЖШС «КРЭК» балансында және 1 трансформатор КГП «Қаратал» менен орталықтандырылған «Ақ бұлақ» су құбырынының қамтамасыз етуге қойылған. Көшелерде 153 жарық шамдары орналасқан.

  • 200 ауланы 7 транформатор қамтамасыз етеді.
  • 3 трансформатор «Досполов», «Айдос», «Сатанов» шаруа қожалықтарын қамтамасыз етеді.
  • Алғабас ауылында барлығы 4 трансформатор.
  • Алғабас ауылында 96 ауланы 3 трансформатор қамтамасыз етсе,

1 трансформатор «Акимжанов» шаруа қожалығын қамтамасыз етеді. Көшелерде 60 жарық шамдары орналасқан.

 Өткен жылы екі ауылда 30 жаңа бағанмен ескірген бағандар ауыстырылды, он пасынка және Мынбаев көшесінде сымдар ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

  • Подстанция Казгородок 110-35-10 киловольт.

АУЫЗ СУЫМЕН ҚАМТУ :

Орталықтандырылған су құбырының ұзындығы:

Кертінді ауылында – 19,842км                                                                                                        Алғабас ауылында –2,411 км

Іске қосылған жыл – 2013 жыл  

Кертінді ауылында байқау құдықтары – 110, өрт гидранттары – 46                                                                         

Алғабас ауылында  байқау құдықтары – 14, өрт гидранттары – 2

Алғабас ауылында орталықтандырылған су құбырынының толықтай қайта құруын қажет етеді 707,640 млн. теңгеге сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама өтілген.

     АУЫЛ ІШІНДЕГІ ЖОЛДАР

         Кертінді ауылының ішіндегі жолдар ұзындығы – 11,6 километр, оның ішінде: асфальт – 5,7 км; қиыршық тас жолдар –1,5 км; топырақ жолдар – 4,4 км.Алғабас ауылының ішіндегі жолдар ұзындығы - 6,9 километр, оның ішінде: 2023 жылы  Ауыл- Ел бесігі бағдарламасымен 2850 метріне асфальт төселді.

       Мынбаев көшесіндегі жолға смета құжаттары жасалып бюджеттік өтінім берілді.

        Қыс айларында қардан жолдар аршылып отырды. Сонымен қатар көктем мезгілінде  суағарлар тазартылып су басу қауыпнан алдын алу жұмыстары жүргізілді. 

     Атқарылған жұмыстар

Көктемгі, жазғы және күзгі санитарлық тазалау, көгалдандыру және аббаттандыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

  1. Ауыл ішіндегі қураған талдарды кесу және ауыл ішіндегі ағаштарды ағарту жұмыстары жүргізілді.
  2. Сенбіліктер өткізіліп және ауыл тұрғындарының аулаларынан қоқыс шығарылды.
  3. Екі ауыл бойынша істен шыққан электр/шамдары ауыстырылып 13 электр/шамдары орнатылады.
  4. Кертінді ауылының батыс жағынан су басу қаупінің алдын алу мақсатында ұзындығы 1600 метр үйіндіні мықтылау жұмыстары  жүргізілді.
  5. Кертінді ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының маңайын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді әлі де жалғасын табады.
  6. Екі ауыл бойынша Абаттандыру жұмыстары жүргіліп, 33 түп ағаш отырғызылды.
  7. Мал қорымының манайына үйінді жасау жұмыстары жүргізілді.
  8. Жергілікті ерікті өрт сөндіру құрамасымен 2 дала өрті сөндірілді.
  9. Ауыл ішкі жолдары қардан тазартылуда.

СПОРТ САЛАСЫ :

        Біздің ауылдың жастары спортқа өте бейім, көптеген спорттық шараларда белсенді қатысушыларының бірі болып саналады.

Астана қаласында республикалық денгейде өткен ұлттық ойын асық атудан 10 команданың ішінең М.Сулейменов атындағы мектеп оқушылары  3 орын

Нұра ауданында өткен қазақ күресінен өткен жарыста Кертінді ауылының командасы 1 орын.

Мыржақып Дулатұлын еске алу аудандық турнирінде қол күрестен 3 орын.

Қарқаралы қаласында өткен Жас барыс турнирінде 82 кг салмақта Біркенов Дидар 1 орын .

Аудандық Сары-Арқа-2023 жазғы спартакияда  Кертінді командасы 1 орын.

2024 жылдың Ауыл әкім аппаратының бюджеті:

  • ауыл әкімдік аппаратын қолдау үшін 001бағ. – 29 млн 871мын теңге;
  • Көше жарықтандыру 008бағ. –5068 мың теңге;
  • Елді мекенді санитариялық қамтамасыз ету 009бағ.-218 мың теңге;
  • Елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру 011бағ.-1850 мың теңге;
  • Ауыл ішіндегі көлік жолдарың қамтамасыз ету 013бағ. – 800 мың теңге.

 

МӘСЕЛЕЛЕР :

  1. Алғабас ауылында орталықтандырылған су құбырынының толықтай қайта құруын қажет етеді.
  2. Ауылдардың қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың ретке келтіру.
  3. Екі ауыл бойынша ішкі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  4. Кертінді ауылында Мынбаев, Асылбекова көшелерінде электр қуаттығының нашарлығы.

Жоспарлар

  1. Алғабас электр жүйесінде тех жағдай жасап электр  есептік құрылғылар орнату.
  2. Кертінді ауылында балалар алаңына элементтер орнату
  3. Ауылдардың қатты тұрмыстық қалдықтар полигондардың манайларын ретке келтіру жұмыстарын жалғастыру.
  4. Мал сою алаңың құрылысымен ашылуын ұйымдастыру.
  5. Кертінді ауылында орталық саябақ ашылуына жұмыстар жасау.
  6. Салауатты өмір салтын ұстанып, кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыру.
  7. Шағын және орта бизнесті дамуына жағдай жасау, насихаттау жұмыстарын жүргізу.

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

 

 

 

Дата публикации
19 февраля 2024