БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ. :
Тірек мектеп (РО) М. Сүлейменов атындағы ЖОББ мектебінде оқушылар саны – 130 бала. Мектеп алды даярлық тобындағы оқушылар саны – 12 бала.. Шағын орталықта балалар саны – 37. Оның ішінде 24 бала толық күнді қамтитын топта, 13 бала жарты күнді қамтитын топта тәрбиеленеді. Мектепте 29 мұғалім қызмет істейді, оның ішінде 28 – сі жоғары білімді, 1 – уі арнаулы орта білімді. Сонымен қатар, 62 компьютерлік техника, оның ішінде 35 компьютер, 25 ноутбук. Интернет желісіне қосылған.
Пушкин негізгі орта мектебінде оқушылар саны – 34 бала. Шағын орталықта балалар саны – 13. Мектепте 18 мұғалім қызмет істейді, оның ішінде 18 – сі жоғары білімді.Сонымен қатар, 10 компьютер бар.Интернет желісіне қосылған.
Мектеп оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен аудандық,облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.