Кертінді ауылы әкімі Г.Т.Хасеновтың 2022 жылы атқарылған
жұмыстарының есебі
Құрметті Бакытжан Мылтыкбайұлы!
Кертінді ауылы әкімінің аппараты 2022 жылғы жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқада нормативтік–құқықтық актілеріне сәйкес жұмыс жоспарларын іске асыруымен бірге, Мемлекет басшысының әкімдердің алдында қойған нақтылай талаптарын ескере отырып, жұмыстарын жүзеге асырды.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.
Қызылтал ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады:
Кертінді ауылы және Алғабас ауылы.
2022 жылы Қызылтал ауылдық округінің халық саны 1241 адам, оның ішінде Кертінді ауылында – 896, Алғабас ауылында – 345 адам. 7 ұлт өкілдері тұрады.
Аула саны – 297, оның ішінде Кертінді ауылында – 202, Алғабас ауылында – 95 үй.
Округ бойынша зейнеткерлер – 205 адам, оның 2 – і тыл ардагерлері .
1–Ауған соғысының ардагері. І, ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндіктері шектеулі – 57 адам.«Алтын алқа» иегерлері – 23 адам, «Күміс алқа» иегерлері – 14 адам.
Жұмысқа қабілеттілер саны: 828 адам. Оның ішінде:
Денсаулық сақтау саласында –7;
Мәдениет саласында – 9;
Мемлекеттік мекемеде 225;
Жеке кәсіпкерлер саны – 25;
Шаруа қожалықтарында – 86 адам.
2022 жылдың Ауыл әкім аппаратының бюджеті:
2022жылы қаңтар айынан бастап әр – түрлі сұрақтармен көтерген мәселелер бойынша түсініктеме беріліп, қанағаттанарлық іс – шаралар жасалды, 45 өкім шығарылды, жеке тұлғалардан түскен өтініштер – 3,
4 мемлекеттік кызмет көрсетілді.
Әскери есеп үстелі бойынша 2022 жылы әскери есепке 214 әскери міндетті тіркелген.
Офицер құрамында 5 адам, сержант құрамында 21 адам, округ бойынша әскерге шақырылушылар саны – 20 адам.
Салық саласы
2022 жылға жергілікті салық түсімдерінің жоспары 3255000 теңгені құрады, нақты орындалуы 3809225мың теңгені немесе 117% құрады, оның ішінде:
|
№ |
БСК |
жоспар |
факт |
% |
|
1 |
104102 мүлік салығы |
192000 |
171488 |
89,3 |
|
2 |
104302 – жер салығы |
10000 |
32735 |
327,4 |
|
3 |
104402 - көлік салығы |
2632000 |
3221789 |
122,4 |
|
4 |
105315 – Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем |
421000 |
378537 |
89,9 |
|
5 |
104501 –бірліктірілген жер салығы |
|
4676 |
|
|
|
Барлығы |
3255000 |
3809225 |
117 |
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ :
Барлық жер көлемі – 71361 га, елді мекен жер көлемі -10280 га., 37815 гектары жайылымдық жер, 29034 гектары егістік жер.
Аумақта – 49 шаруа қожалығы және – 14 фермерлік қожалық бар.
2022 жылы егістік көлемі 13160 га, оның ішінде 10764 га – бидай, 2314 га – арпа,82 га сұлы және 500 гектарға күнбағыс егілді.
Қызылтал округі бойынша шаруашылығындағы мал саны:
|
Малдың түрі |
2021 жыл |
2022 жыл |
айырмашылығы |
|
Ірі қара мал |
2738 |
2682 |
-56 |
|
Ұсақ мүйізді мал |
3666 |
3141 |
-525 |
|
Жылқы |
1914 |
2253 |
+339 |
|
Шошқа |
42 |
28 |
-14 |
|
Құс |
4848 |
4361 |
-487 |
Ауылымызда «Алпыс», «Досполов К», «Таймбеков А.», «Раскоп Т.» «Алимбаев» , «Бижкенов Н.У.», «Манапов С», «Шанс» шаруа қожалықтары қара мал тұқымын асылдандыруда белсенді жұмыс жасауда. Биылғы жылы ауыл табынына келісім шарт бойынша 4 бас бұқа әкелінді.
Ауылымыздың тұрғындары жыл сайын өткізілетін «Ауыл Береке» жәрмеңкесіне белсене қатысуда.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасыға көрсетілді. І – II топтағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға және жалғызбасты қариялардың жанына аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі мен біріге отырып, әлеуметтік 4 қызметкерлер тіркелген. Мүмкіндіктері шектеулі жасөспірімдерге 1 әлеуметтік қызметкерлер тіркелген.
Қоғамдық жұмыстарда 10 - адам тіркеліп, ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып, аббаттандыру жұмыстарында қатысты.
Әлеуметтік жұмыс орындарында (СРМ) 1 шаруа қожалықта–3 азамат жұмыспен қамтамасыз етіліп, жұмыс атқарды.
«Мектепке жол» акциясы бойынша Пушкин негізгі мектебі оқушыларына ЖШС «А.Z.C» 240000 теңге көлемінде көмек көрсетсе. Тірек мектеп (РО) М.Сүлейменов ЖОББ мектеп оқушыларына, мектепке қажетті оқулық-дәптерлер, кеңсе тауарларымен жалпы сомасы 80 000 теңге көмек көрсетті.
Жаңа жыл шыршасында ауыл азаматтары демеушілігімен 0 – 5 жаска аралығындағы балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратылды.
« Мерейлі Отбасы-2022» байқауының облыстық кезеңінде бірінші орынды ауылымыздың Әлімбаевтар отбасы иеленді.
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауыл аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлерлер саны – 25 адам (дүкендер – 9, мал бақташысы – 2 адам, басқа салаларда – 14 адам)
Облыс әкімінің қатаң бақылауында тұрған мәселелердің бірі баға – саясаты бойынша әлеуметтік – маңызды азық-түліктер тізімі бойынша 9 дүкенмен негізсіз баға көтермеу жөнінде меморандум шарты жасалды.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ. :
Тірек мектеп (РО) М. Сүлейменов атындағы ЖОББ мектебінде оқушылар саны – 130 бала. Мектеп алды даярлық тобындағы оқушылар саны – 12 бала.. Шағын орталықта балалар саны – 37. Оның ішінде 24 бала толық күнді қамтитын топта, 13 бала жарты күнді қамтитын топта тәрбиеленеді. Мектепте 29 мұғалім қызмет істейді, оның ішінде 28 – сі жоғары білімді, 1 – уі арнаулы орта білімді. Сонымен қатар, 62 компьютерлік техника, оның ішінде 35 компьютер, 25 ноутбук. Интернет желісіне қосылған.
Пушкин негізгі орта мектебінде оқушылар саны – 34 бала. Шағын орталықта балалар саны – 13. Мектепте 18 мұғалім қызмет істейді, оның ішінде 18 – сі жоғары білімді.Сонымен қатар, 10 компьютер бар.Интернет желісіне қосылған.
Мектеп оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен аудандық,облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ :
Қызылтал округі бойынша фельдшерлік пункте 4 медбике жұмыс істейді. Округте 7 адам онкологиялық ауруына тіркелген. Округ бойынша скринингтік тексерістен тұрғындар 100% өтті. 2022 жылы 11 бала дүниге келді.
640 адам флюрографиядан өтті, 231 адамға тұмауға қарсы екпе алды.
Биылғы жылы Кертінді ауылында құны 91 310 562 (тоқсан бір миллион үш жүз он мың бес жүз алпыс екі) теңге «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша фельдшерлік – акушерлік пункт іске қосылып, ауыл тұрғындары ем алуда.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ :
Ауылда 196 орындық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде барлығы 7 адам жұмыс істейді – меңгеруші, мәдени ұйымдастырушы, үш күзетші, екі еден жуушы.
Жоспарға сай мемлекеттік, ұлттық мерекелер өтіп тұрады Хореография, вокал үйірмелері бар. Ауыл тұрғындары аудандық байқауларға белсене қатысып жүлдері орындар алуда.
Аудандық байқау «Жігіт сұлтаны» Қаратай Исатай 2 орын, «Әжелер сайысы» Мукатаева Торғын Бас жүлде. «Выставка цветов и плодов» Искакова Назгуль 2 орын, «Патриоттық әндер» байқауы Балғабай Ақдалия 1 орын.
Ауыл кітапханасы
Кертінді ауылы модельдіқ кітапханасы халыққа кызмет көрсетеді. Кітап қоры 7419 дана, 605 оқырмандар бар, олардың арасында кездесулер, дөңгелек үстел, кітап көрмесі тағы басқа іс – шаралар өтізіліп тұрады. Балалар кітапханасында 4280 дана, 200 оқырман бар.
Алғабас ауылының кітапханасында кітап қоры 5956 дана, 290 оқырмандар бар.
Жылда кітапханалар жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. «Ауылдық кітапхана – құқықтық ақпарат орталығы» атты жоба іске асырылуда. Жоба мақсаты - ауыл тұрғындарының барлық әлеуметтік реформаларға, мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Кертінді ауылында барлығы 11 трансформатор
Кертінді ауылында 10 трансформатор ЖШС «КРЭК» балансында және 1 трансформатор КГП «Қаратал» менен орталықтандырылған «Ақ бұлақ» су құбырынының қамтамасыз етуге қойылған. Көшелерде 163 жарық шамдары орналасқан.
1 трансформатор «Акимжанов» шаруа қожалығын қамтамасыз етеді. Көшелерде 60 жарық шамдары орналасқан.
АУЫЗ СУЫМЕН ҚАМТУ :
Орталықтандырылған су құбырының ұзындығы:
Кертінді ауылында – 19,842км Алғабас ауылында –2,411 км
Іске қосылған жыл – 2013 жыл
Кертінді ауылында байқау құдықтары – 110, өрт гидранттары – 46
Алғабас ауылында байқау құдықтары – 14, өрт гидранттары – 2
Алғабас ауылында орталықтандырылған су құбырынының толықтай қайта құруын қажет етеді 707,640 млн. теңгеге сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама өтілген.
АУЫЛ ІШІНДЕГІ ЖОЛДАР
Кертінді ауылының ішіндегі жолдар ұзындығы – 11,6 километр, оның ішінде: асфальт – 5,7 км; қиыршық тас жолдар –1,5 км; топырақ жолдар – 4,4 км.Алғабас ауылының ішіндегі жолдар ұзындығы - 6,9 километр, оның ішінде: топырақ жолдар – 6,9 км.
Қыс айларында қардан жолдар аршылып отырды. Сонымен қатар көктем мезгілінде суағарлар тазартылып су басу қауыпнан алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар
Көктемгі, жазғы және күзгі санитарлық тазалау, көгалдандыру және аббаттандыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
СПОРТ САЛАСЫ :
Біздің ауылдың жастары спортқа өте бейім, көптеген спорттық шараларда белсенді қатысушыларының бірі болып саналады. Ауылымызда көпфункционалдық корт орналасқан, жыл бойы қолданыста. Нұра ауданының «Қарлы қыс – 2022» спартакиадасында жалпы командалық есеппен ІІ орын. Наурыз айында өткен аудандық көкпар ойынында Кертінді командасы 1 орын. Петропавл қаласында қазақ күресінен өткен Батыр-қолбасшы, ақын Қожаберген жырау Толыбайұлы атындағы турнирде жерлесіміз Биркенов Дидар 2 орын. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен аудандық футболдан жарыста 1 орын. Қарағанды қаласында 9-11 сынып оқушылар арасында ауылымыздың оқушылары аудандық құрама командасымен Бес асықтан 1 орын және асық атудан 2 орын. Осы жылы Кертінді ауылының футболшылары Нұра әкімінің кубогін женіп алды.
2023 жылдың Ауыл әкім аппаратының бюджеті:
АУЫЛ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР :
Жоспарлар
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!