GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
11 июня 2024
Қарағандылықтар тегін шешендік өнер клубына қатыса алады

Қарағандылық Ерлан Досаев "Сен бастысың" шешендік өнер клубын ашпақ. Бұл үйірме Н. В. Гоголь атындағы облыстық кітапханада жұмыс істейтін болады. Барлық тілек білдірушілер үшін сабақ тегін. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Қазір бірінші топқа 12 адамға дейін қабылдануда.

-  Клубта көпшілік алдында сөйлеуден жасқану сезімін жеңе аласыздар, қарым-қатынас жасауды үйренесіздер және жеке әлеуеттеріңізді ашасыздар. Сіздерді теория, тәжірибе және кері байланыс күтеді, - дейді тәжірибеші-жаттықтырушы.

Шешендік өнерді жасөспірімдер де, зейнеткерлер де үйрене алады. Сабақ аптасына екі рет өтеді.

Қатысу үшін алдын ала өтінім жіберу керек.

Келесі телефон арқыла жазылуға болады: 56-74-64 (қоңырауды жұмыс уақытында шалу керек).

Білім беру
28 мая 2024
"Мектебім, саған мың алғыс" атты мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара Қарой ЖББ мектебінде жоғарғы деңгейде аталып өтті.

"Мектебім, саған мың алғыс" атты мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара Қарой ЖББ мектебінде жоғарғы деңгейде аталып өтті. Іс-шараға Нұра ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сейфуллина Дария Сейтказиевна қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ыстық ықыласы мен тілегін білдіріп, алғыс хаттар табысады. Сонымен қатар мектебіміздің қадірлі қонағы ретінде шақырылған ардагер ұстаздарымыз сөз сөйлеп, түлектерге сәт-сапар тіледі.

21 мая 2024
Қарағанды облысында кәсіпорындар мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын.

Қарағанды облысында кәсіпорындар мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын. Бұған жұмыс берушіге субсидия төлей отырып, мемлекеттік бағдарлама ықпал етіп отыр. Егер өткен жылы 12 арнайы жұмыс орны құрылған болса, биыл олардың саня екі есеге артты.


– 2024 жылы Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 26 арнайы жұмыс орны жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер 10 өтініш берді, қазірдің өзінде 8 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында көру, есту қабілеті бұзылған адамдар бар. Бағдарламаға қалалар да, аудандар да қатысады. Салалары әртүрлі: өндіріс, қызмет көрсету, білім беру орталықтары, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов. – Келесі жылы арнайы жұмыс орындары одан да көп болады деп ойлаймын. Жұмыс берушілер мемлекет тарапынар қолдау бар екенін көріп, қызығушылық танытып жатыр.

Жұмыс берушіге арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған құрылғылар сатып алу және орнату шығындары өтеледі. Сондай-ақ мемлекет мүгедек адамдардың жалақысының бір бөлігін өзіне алады. Субсидиялар үш жыл бойы ай сайын төленеді: бірінші жылы – жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды, қазір бұл 110 760 теңге), екінші жылы – жалақының 65%, үшінші жылы – 60%.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс шарттары Теміртаудағы кәсіпорындардың бірінде көрсетілді.

21 мая 2024
Теміртауда өткен форумда отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды

Теміртауда өткен форумда отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды

Қайта оралу

Теміртауда "Qarmet" АҚ-да ел ішілік құндылықты дамыту бойынша форум өтті. Жүйе құрушы компания шағын және орта бизнесті қолдайды және жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға дайын екендерін жеткізді.

Форум қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әкімдігі мен Qarmet арасында өзара іс-қимыл бойынша меморандум жасалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесуге облыстың 150-ден астам тауар өндірушілері қатысты. Олар компания өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін тікелей талқылай алды. Ол үшін В2В форматындағы диалог алаңын ұйымдастырдық.

Форумның басты мәселелерінің бірі - жүйе құраушы кәсіпорындардың өңірдің шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауы. Елішілік құндылықты арттыру бүгінгі таңда жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылатыны атап өтілді.

Тау-кен металлургия компаниясы жергілікті өндірістермен өзара іс-қимылды күшейтуге дайын. Бірлескен жергілікті жобалар жоспарлануда. Сондай-ақ мамандарды оқыту саласында ынтымақтастық дамитын болады.

"Qarmet" АҚ импортты алмастыру мақсатында орта мерзімді кезеңге компанияға отандық тауарларды сатып алу есебінен елішілік құндылық үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жоспар әзірленді.

Форумда қазақстандық мазмұнды дамытуға қосқан үлесі үшін бизнес-серіктестерге алғыс хаттар табысталды.

02 мая 2024
Қарой ауылында "Таза Қазақстан " экологиялық акциясының “Өнегелі ұрпақ ” апталығы басталды.

Қарой ауылында "Таза Қазақстан " экологиялық акциясының “Өнегелі ұрпақ ” апталығы басталды.

ТҮКШ
25 апреля 2024
"Жасыл аймақ" акциясының үшінші аптасы аясында Қарой ауылында ағаш отырғызу белсенді жүргізілуде.

"Жасыл аймақ" акциясының үшінші аптасы аясында Қарой ауылында ағаш отырғызу белсенді жүргізілуде.

18 апреля 2024
Қарой ауылында қоқыс жәшіктерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қарой ауылында қоқыс жәшіктерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

16 апреля 2024
15.04.2024г в селе Карой продолжвется работа по санитарной очистке территории в рамках недели “Киелі мекен ” республиканской акции “Таза Қазақстан”

15.04.2024ж Қарой ауылында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Киелі мекен ” апталығы басталды.

16 апреля 2024
"Таза өлке" экологиялық акциясы жалғасуда.

Қарой ауылында "Таза өлке" экологиялық акциясы жалғасуда.
Ауыл тұрғындарын өз аулаларын тазалауға шақырамыз.

12 апреля 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бірінші аптасы «Таза өлке» апталығына орай Карой ауылы сенбілік өткізді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бірінші аптасы «Таза өлке» апталығына орай Карой ауылы сенбілік өткізді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы