GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Все материалы
07 октября 2026
ҰСТАЗ-ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА

Қайнар ауылында Ұстаздар күніне орай ұстаздар мен зейнеткер ұстаздарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылып, ерекше көңіл-күйде аталып өтті.

Мерекелік шараның басты мақсаты – білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін дәріптеу және мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Кешке ауылдың қазіргі және ардагер ұстаздары шақырылып, оларға ақжарма тілектер айтылып, ізгі ниеттер білдірілді. Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуі үшін Теміртау қаласынан арнайы асаба шақырылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кеш барысында түрлі қызықты ойындар мен көңілді сайыстар ұйымдастырылып, ұстаздар белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен өнерлерін көрсетті. Әзіл-қалжыңға толы ойындар кеш қонақтарының көңілін көтеріп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Сонымен қатар шара барысында ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылып, олардың қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегінің маңыздылығы атап өтілді.

02 октября 2026
Қайнар ауылында Қарттар күні аталып өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қайнар ауылында ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды.

Мерекелік кештің басты мақсаты – үлкен буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жастарды үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында жасөспірімдер мен оқушылар арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән-жырларын арнап, ауыл қарияларын мерекемен шын жүректен құттықтады. Өнерлі өрендердің өнері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің сәнін келтірді.

Ақ дастархан басында ауыл қарияларына ізгі тілектер айтылып, ақ баталары алынды. Қарияларымыз – елдің берекесі, ауылдың шежіресі, кейінгі ұрпаққа өнеге болар асыл қазынамыз.

25 августа 2026
Түсіндіру жұмыстары

Қайнар ауылында аудан орталығынан келген Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарының қатысуымен ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, салықтық міндеттемелерді уақытылы орындау, берешекті өтеу және қолданыстағы салық заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ауылдағы жеке кәсіпкерлермен жеке кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, салықтық берешегі бар тұлғалармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, берешекті өтеу тәртібі мен мерзімдері бойынша түсіндірмелер берілді.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – тұрғындар мен кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру, салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақыру және берешектің алдын алу.

Қайнар ауылының тұрғындарына көрсетілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарына алғыс білдіреміз.

11 июня 2026
«Таза бейсенбі»

Қайнар ауылында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Таза бейсенбі» – әр апта сайын бейсенбі күні өтетін экологиялық акциясы өткізіліп отырады. Оның мақсаты – ауыл тұрғындарын табиғатты аялауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу. «Таза бейсенбі» – тек қоқыс жинау емес, ол қоғамдық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тұрақты игі дәстүр. Бұл бастама арқылы ауыл тұрғындары арасында табиғатты қорғау мәдениетін нығайып, әр азаматтың жеке жауапкершілігін арттыру.

21 мая 2026
Мәдениет және өнер қызметкерлер күні

Бүгін Қайнар ауылы әкімі Азамат Садыков, ауыл мәдениет саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап,  алығысын білдірді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, рухани мұрамызды сақтап, ел мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, халықтың рухани байлығын арттырып, жас ұрпақты өнер мен мәдениетке баулып жүргендерін айтып. Шығармашылық табыстар, сарқылмас шабыт, отбасыларыңына амандық пен бақ-береке, еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөлене беруін тіледі!

09 мая 2026
9 мамыр Жеңіс күні

Бүгін Қайнар ауылында 9 мамыр Ұлы жеңіс күнінің 81 жылдығына орай, ҰОС ескерткішіне ауыл ұжымдары гүл шоқтарын қойылып, мерекелік концерт ұымдастырылды. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

06 марта 2026
8 наурыз

Көктемнің ең шуақты мерекесі - 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күніне орай Қайнар ауылы әкімі Азамат Садықов ауылдың нәзік жанды кәсіпкерлерін мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.

09 февраля 2026
ҚҰҚЫҚ КАБИНЕТІ

ҚҰҚЫҚ КАБИНЕТІ

Құқық кабинеті — әрбір азамат тегін құқықтық ақпарат пен заң көмегін ала алатын орын.

 Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі–жұма | 9:00–18:30

 Негізгі мақсаттары:

✔️ Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру

✔️ Заңды құқықтарды қорғау жолдары туралы ақпарат беру

✔️ ҚР заңнамасын өз бетінше пайдалану дағдыларын қалыптастыру

 Мүмкіндіктер:

▪️ «Әділет» АҚЖ

▪️ eGov.kz

▪️ eOtinish.kz

▪️ «Ашық НҚА» порталы

 Құқықтық сұрақтарыңыз болса — Құқық кабинетіне келіңіз!

 

09 декабря 2025
Ақсақадармен кездесу

Қайнар ауылы әкімі Азамат Садыковтын қатысуымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты ауылдың ақсақалдарымен кездесу өткізілді. Кездесуде ауылдың бірқатар өзекті мәселелері талқылап, шешу жолдарын талқылады, ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Кездесудің басты мақасты  ауылдың өзекті мәселелерін талқылау, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ өздеріңіздің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау арқылы ауылдың қоғамдық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруды жаспарлау орындау, іске асыру.

15 октября 2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Бүгін Қайнар ауылы әкімінің аппараты бас маманы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы