Қайнар ауылы әкімінің есебі

 Қайнар ауылы бойынша 2025  жылы атқарылған

жұмыстар туралы есеп

 1 слайд

     Қайнар ауылы әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.  Және де   жергілікті өзін-өзі басқару концепциясына сәйкес жұмыстарымызды Жергілікті қоғамдастық арқылы жүзеге асырамыз. Ардагерлер, әйелдер, жастар  кеңестері ауылдың қоғамдық өміріне тыныс тіршілігіне белсене  араласады.

2 –слайд

      Тассуат ауылдық округі бойынша; халық саны – 931 адам. Аула саны – 256,  отбасылар  саны – 274, зейнеткерлер – 112, мүгедектер – 28, студенттер – 49 адам, оқушылар – 163, мектепке дейінгі  балалар – 84.

      Экономикалық белсенді  тұрғындар саны – 431 адам, жұмыспен қамтылғаны – 428,  оның ішінде  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 66 адам.  Алтын алқа иелері – 5 ана және Күміс алқа иелері – 3 ана.

Көп балалы аналар – 26 адам

Ауған соғысының ардагері- 1 адам

3 -слайд

Жеке  меншік  қолында: ірі қара мал – 1473  бас,   ұсақ мүйізді мал саны – 1025 бас,  жылқы саны – 1134 бас, шошқа – 82 бас.  Ауылдық округта «Қайнар»  ЖШС –гі және 10  шаруа қожалықтары жұмыс істейді.  «Қайнар»  ЖШС-гі асыл тұқымды ірі қара мал түрлендірумен айналысады. Осы шаруашылықтар   үлесінде  1915 бас ірі қара,  141 бас ұсақ мал, 1558 бас жылқы және 14 бас түйе бар.

4- слайд

2025 жылы округ бойынша  «Қайнар» серіктестігі  жалпы – 23 584 га  оның ішінде   бидай- 20 684 га, апра-1900 га,   сұлы- 920 га егілді. Жәнеде «Мереке» шаруа қожалығы 100 га бидай егіп. Жиналған жалпы астық 19600 тн. оның ішінде бидай 17 364 тн. арпа – 1 710 тн, сұлы – 526 тн. құрады.

        5-6 слайд

Ауыл тұрғындарын  күнделікті  қажетті азық-түлік және тұрмыстық  тауарлармен  қамтамасыз ететін 7 дүкен, 1 дәріхана және наубайхана жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар әр сәрсенбі күні  ауыл тұрғындарына жеке кәсіпкерлер төмен бағамен  жәрмеңке  ұйымдастырады.

7-слайд

Тірек мектеп ресурстық орталық  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беру мекемесінде 163 оқушы білім мен тәрбие алуда. Мұғалімдер саны - 39 адам. Барлық оқу пәндері бойынша мамандар жеткілікті.

8-слайд

 «Алтын бесік» бөбекжайында штаттық құрамы 27  адам.   «Еркетай», «Балақай» және «Солнышко» топтарында  барлығы  45 бала  тәрбиеленуде. Бөбекжайға  кезекте тұрған балалар жоқ.

9-слайд

Ауылда  төрт орындық стационар бөлімімен дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.  Туған бала саны – 15, қайтыс болғандар – 3 адам.

     Округ бойынша туберкулез және жұқпалы аурулар тіркелмеген.     2025 жылы 458 адам флюрографиядан өтті.

10-слайд

Ауылымызда мәдениет үйі және кітапхана қызмет атқарады. Штаттық құрамы 8 адам.

Ауылдың барлық  мерекелік іс-шаралары мәдениет үйінде өткізіледі. Сонымен қатар ауылда барлық мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады.

11-слайд

Мәселен 1маусым балаларды қорғау күні,  қарттар күні. Жастар мен жасөспірімдерге арналған әртүрлі байқауларға әрдайым ұйымдастырылып қатысып отырады.

12-слайд

2025 жылы 17 жұмыссыз тұрақты жұмысқа тұрғызылып,   «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Күміс жас» жобасы аясында  3 адам жұмысқа алынса, «Қоғамдық жұмысқа» 7 адам алынды.

 

13-14 -15 слайд

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Елді мекендерді  санитарлық тазалау,  көркейту және  көгалдандыру мақсатындағы сенбілік» шаралары өткізілді. Ауылда әр бейсенбі күні «Таза бейсенбі» және обылыстық, республикалық сенбіліктер өткізіліп отырады. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барлығы 6,3 га аумақ тазартылып, 1900 тонна күл қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Қайнар» ЖШС-гі көмегімен қатты қалдықтар полигоның қоқыстарын үйінділеу жұмыстары жүргізілуде. 250 текше метр қоршаулар мен бағандар актеліп, 200 шамасында ағаш кесілді. Қазіргі уақытта жұмыстары жалғасын табуда.

16- 17 слайд

Учаскелік инспектор,  полиция капитаны–Шаймерден Нұрхан Аманжолұлы қызмет етеді. 2025 жылы Қайнар ауылы бойынша  48  құқық бұзушылық тіркелді.

Онын ішінде: 48 – әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай – ақ қазіргі уақытта  интернет пайдалынып алаяқтық жолмен бөтен мүлікті ұрлауды алдын-ала алу үшін іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда: ауыл тұрғындары арасында жадынамалар мен брошюралар тарату, ауыл дүкендерінің иелерімен және сатушыларымен түсіндірме жұмыстар жүргізілуде. Instagram, Facebook парақшаларында (Qainar_1954, Қайнар Ауылы) және аулдың WhatsApp топтарында алаяқтық және интернет-алаяқтық түрлері және олардан қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер салынуды.

18-слайд

2025 жылға қаржыландыру жоспары:

Қайнар ауылының 2025 жылға арналған бюджеті: Жалпы сомасы 171 329,0 мың теңгені құрады. Нұра ауданы Қайнар ауылы әкімінің аппаратын ұстауға 27 120,0 мың теңге бөлінді (Мемлекеттік қызметшілердің, техникалық қызметкерлердің салықтарымен еңбекақы төлеу, іссапар шығындары, басқа да керек-жарақтарды (кеңсе тауарлары, қағаз) сатып алу ), байланыс қызметтеріне ақы төлеу, басқа қызметтерге ақы төлеу, отын сатып алу (бензин, көмір, коммуналдық төлемдер)

Елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға 787,0 мың теңге бөлінді.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 510,0 мың теңге бөлінді

Көлік және коммуникацияға 520,0 мың теңге бөлінді

Қайнар кенті әкімдігі аппаратының қарызына қызмет көрсетуге 21692,0 мың теңге бөлінді.

Ауыл көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстарына 120000,0 мың теңге бөлінді

19 – 20 слайд

Қайнар ауылы бойынша  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы:

  1. 2025 жыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың ішкі жолдарын ағымдық жөндеу жүргізілді. Атап өтсек Кульмаханова көшесі – 200 метр, Котешкова көшесі- 800 метр, Сарыарқа көшесі – 70 метр, Мәңгңлік ел – 850метр барлығы 1920 метр жол жөндеуден өтті. Қалған Тәуелсіздік көшесі – 800 метр 2026 жылы жөнделеді. 2025 жылға бөлінген қаражат толығымен игерілді.

 

21 -слайд

2026 жылға  жоспар

  • Ауылға саябақ салу
  • Ауыл көшелеріне бейне камералар орнату
  • Орталық алаңға лэдэкран орнату

22-слайд

Қайнар ауылы бойынша  шешімін қажет ететін мәселелер:

  1. Ауыл көшелерінің сымдарын ауыстыру,
  2. Электр трансформатор КТП 445 ауыстыру
  3. Қайнар- Амантау көпірін жөндеу
  4. Тұрғын үйлер салу мәселесі

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Дата публикации
09 января 2026