Қайнар ауылы басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен байланысты. Тұрғын үй қорының құрылысы 1955 жылдан бастап негізінен күрделі тұрғын үйлерден басталды. Қазіргі уақытта ауылда 325 аула мен 202 үй бар, оның ішінде: 73–зәулім үй, 126 - екі пәтерлік үй. Ауылда келесі әлеуметтік нысандар бар: мектеп, бөбекжай, Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, жұмысшы тұрмыстық цех. Ауыл толығымен электрлендірілген және "Қазақтелекомның" филиалы мен бөлімшесі телефондандырған, әкелінетін балон газымен қамтамасыз етілген. Интернеті бар Beeline және Akttv ұялы байланыс операторлары бар. Тұрғындардың әл-ауқатының маңызды шарты-жылумен, жарықпен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету.
"Ақбұлақ" бағдарламасы аясында 2013 жылы Қайнар ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту жүргізілді, ауылдың 100% тұрғын үйлері мен объектілері қамтылды. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бағдарламасы бойынша Қайнар ауылында екі жоба іске асырылды: көше жарықтандыру тіректерін орнату және ауыл ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу: Нұра ауданы Қайнар ауылында көше жарықтандыру тіректерін орнатуға. Республикалық бюджеттен 19,6 млн. теңге бөлінді. Ұзындығы - 4,3 км, шамдары бар 138 көше жарықтандыру тіректері орнатылды. - Нұра ауданы Қайнар ауылының ауылішілік жолдарын ағымдағы жөндеуге. Республикалық бюджеттен 336 млн. теңге бөлінді Ұзындығы - 10,5 км, ауылдың 13 көшесінің айналасы.
2021 жылы су өткізгіш құбырларды ұңғымалардан резервуарға дейін 85% - ға ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді.
2025 жыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың ішкі жолдарын ағымдық жөндеу жүргізілді. Атап өтсек Кульмаханова көшесі – 200 метр, Котешкова көшесі- 800 метр, Сарыарқа көшесі – 70 метр, Мәңгңлік ел – 850метр барлығы 1920 метр жол жөндеуден өтті. Қалған Тәуелсіздік көшесі – 800 метр 2026 жылдың мамыр айында жөнделді.
Көктем және күз айларында елді мекенді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбіліктер өткізіледі. Ауылда жыл сайын абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.