1 -слайд
Қайнар ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік мекемесінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында 2025 жыл мен 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндаманы ұсынамын.
2 -слайд
Қайнар ауылы әкімінің аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шеңберінде келесі жұмыстар жүзеге асырылды:
3 -слайд
Ашықтықты қамтамасыз ету:
Ауыл әкімі аппаратының Ашық бюджет парталында бюджет есебі жарияланды;Барлық мемлекеттік сатып алу рәсімдері туралы хабарландырулар мен қорытынды хаттамалар «Мемлекеттік сатып алулар» порталына уақтылы орналастырылды.
4 -слайд
Мемлекеттік сатып алулар:
Барлығы 17 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның 100% электронды форматта жүзеге асты;
5 -слайд
Цифрландыру және қызмет көрсету:
Ауылда 4 мемлекеттік қызмет оның ішінде 2 заңды тұлға 2 жеке тұлғаларға толығымен электронды формата көрсетілді;Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алушылар үлесі жылдан жылға артып келеді;Бұл лауазымды тұлғалармен тікелей байланысты қысқартып, жемқорлық тәуекелін төмендетуге мүмкіндік берді.
6 -слайд
Қоғамдық бақылау:
Ауылымызда құрылған жергілікті қауымдастық рөлі артуда. Олар бюджеттің атқарылуы мен маңызды жобалардың жүзеге асуын бақылап отырады.
Жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірлесіп, бір жобаға (ауыл ішкі жолдарына ағымдық жөндеу жүргізу) қоғамдық мониторинг жүргізілді;
Ауыл әкімінің аппараты ғимаратындағы «Сенім жәшігі»-не және «Е-өтініш» платформасына түскен ұсыныстар мен өтініштер болған жағдайда мұқият қаралып, заң аясында тиісті шешім қабылданады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына құқықтық ақпарат пен мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін қолжетімді қылу мақсатында «Құқық кабинеті» жұмыс істеуде.
7 -слайд
Ауылымызда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын түсіндіру және насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта түсіндіру жиналыстары ұйымдастырылып, заң талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары кеңінен талқыланады.
8 -слайд
Ауыл тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы кездесулер өткізілді. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді «электронды үкімет» порталы (eGov) арқылы алуға кеңес беріліп және осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл лауазымды тұлғалармен тікелей байланысты азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Мектепте, мәдениет үйінде және басқа да қоғамдық орындарда тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, буклеттер мен ақпараттық материалдар таратылды. Барлық атқарылған жұмыстар әлеуметтік желіде жариаланады.
9 -слайд
Мектеп, медицина және кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесулер өткізілді;
10 -слайд
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ардагерлер мен жастар белсенділерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды.
11 -слайд
Қазіргі уақытта Қайнар ауылында сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, тұрғындармен кері байланысты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жалғасын табатын болады.
Қайнар ауылы әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіріп, заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді.