Ауылымыздағы спорттың дамуына ауылдың жастары өз үлестерін қосуда. Ауыл жастары аудандық және облыстық сайыстарға үнемі қатысып отырады. Ауылымызда «Қайнар» ЖШС-нің демушілігімен қазақша күрестен арнайы спорт залы жұмыс істеуде. Сонымен қатар ауылда бір көпфункионалды корт, сауықтыру кешенінде бассейн және биыл көпфункционалды балалар алаңын орнату жоспарда. Бұл да ауылдың жасөспірімдерін салауатты өмір салтына тартуға септігін тигізеді. Атаулы мерекелер қарсанында ауылда әр түрлі спорттық ойындар өткізіліп отырады.