Мәдениет үйі мен кітапхана

Мәдениет үйінің ғимараты 1980 жылы салынған,  екі қабатты. Көрермендер залындағы орындықтар 360 адамға жасақталынған. Бірінші қабатында көрермен залы, фойе, көркемдік жетекші,  екінші қабатында ауыл кітапханасы орналасқан. Штаттық құрамы 8 адам. Ауылдың барлық  мерекелік іс-шаралары мәдениет үйінде өткізіледі. Кітапханадағы кітап қоры 14 мың дана. Кітап оқуға тіркелгендер саны – 750 адам. Ғимараттқа "Қайнар" ЖШС есебінен 18 млн. 500 мың теңге 2008 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.

Дата публикации
25 мая 2026