
Ауылда сегіз орындық стационар бөлімімен дәрігерлік абулатория жұмыс істейді. Тіркеуде тұрған қан қысымы жоғары, қант және демікпе дертімен ауыратын тұрғындар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырады. 2026 жылы туған бала саны – 5, қайтыс болғандар -1.
Округ бойынша туберкулез және жұқпалы аурулар тіркелмеген. 2026 жылы ауыл тұрғындарының 70% флюрографиядан өтті. Сонымен қатар ауылымызға айына екі рет жылжымалы әлеуметтік дәріхана келеді. Ауылда эпидемиалогиялық жағдай тұрақты, аурып жатқан және карантиндегі адамдар жоқ.