«Алтын бесік» бөбекжайы

        «Алтын бесік» бөбекжайы» коммуналдық  мемлекеттік қазынылық кәсіпорыны «Рухани жаңғыру» жобасы аясында іске асырылды.

2017 жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Ғимараттың жалпы алаңы 416,4 шаршы метрді құрайды.  Жобалық сыйымдылығы – 75 балаға арналған.

Бөбекжайда жалпы дамытушылық  3 топ қызмет етеді:

«Еркетай» аралас тобы  - 20 бала;

«Балақай» ортаңғы тобы – 16 бала;

«Еркемай» аралас тобы – 10 бала .

Жұмыс тәртібі бойынша – күндізгі, бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі бойынша бойынша 8.30-19.00  дейін, 4 реттік тамақтандыру  10,5 сағат режимінде жұмыс істейді. Бөбекжайдың барлық бөлмелері қазіргі заманауи құралдармен жабдықталған, спорттық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балаларға арналған жиhаздармен, интерактивті тақтамен, дидактикалық және үстел ойындармен жабдықталған. Ақпараттық  мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік беретін интерактивтік тақта акт залында орнатылған. Интерактивті тақта оқу- тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу бғытында және бөбекжай ішінде іс – шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар баланың жеке басының дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
25 мая 2026