Ауыл ішкі жолдары қыс мезгілінде қардан тұрақты тазартылып тұрды. Қар шығару жұмыстары «Отқанжар» ЖШС-інің техникасының көмегімен жүзеге асырылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылымызда 50 дана ағаш түптері отырғызылды.
Ауыл бойынша қараусыз, иесіз қалған үйлердің орындарының қоқыстары шығарылды. Қоқыс шығару жұмыстары ауыл тұрғыны-Тайжанов Исатай Жаркеновичтің техникасының көмегімен жүзеге асырылып жатыр.
Сәуір айынан бастап екі айлық «Таза бейсенбі» өткізіліп отырады, сенбілік күндерінде ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, ұжымдар ауыл ішін және үйлерінің маңайын тазалайды. Қыс мезгілінде ауыл көшелері қардан тұрақты тазаланып тұрды.