2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп

2025 жылдың есепті кезеңінде «Нұра ауданы, Изенді ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

Дата публикации
24 апреля 2026