GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Өткізілген іс-шаралар
20 октября 2026
"Таза Казақстан" акциясы

«Таза Қазақстан» — тазалық әрқайсымыздан басталады! 🌿
Абаттандыру, көшелерді, аулалар мен қоғамдық орындарды тазалау — бұл жай ғана ретке келтіру емес, өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға деген қамқорлық. Таза орта барша тұрғын үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастырады.

ТҮКШ
Өткізілген іс-шаралар
17 сентября 2026
"Таза Қазақстан" акциясы
ЕГІНДІ АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 🧹🌿
Егінді ауылы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Жұмыс барысында көшелердің тазалығына ерекше назар аударылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Таза әрі көрікті аула қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Ауыл тазалығын сақтау үшін әрбір тұрғын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауы маңызды.
Ауылымыздың көркеюіне бағытталған абаттандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Тазалық – тәртіптің бастауы! Туған қаламызды бірге таза ұстайық!
Ауыл әкімінің есептері
23 мая 2026
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
2026 жылғы 21 мамыр күні Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов  Егінді ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында елді мекеннің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму барысы талқыланып, ауыл әкімінің атқарған жұмыстары сараланды. Сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарланған жұмыстар жөнінде айтылды.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, инфрақұрылым, абаттандыру, жолдардың жағдайы, коммуналдық қызметтер және өзге де маңызды бағыттар бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сауалдарға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер назарға алынатыны жеткізілді.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов тұрғындармен тұрақты түрде ашық диалог жүргізу маңызды екенін атап өтіп, халықтың өтініштері мен ұсыныстары алдағы жұмыстар барысында ескерілетінін айтты.
⸻
Өткізілген іс-шаралар
23 мая 2026
«Таза Қазақстан» — ортақ іске айналған игі бастама.
«Таза Қазақстан» — ортақ іске айналған игі бастама.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Егінді ауылында тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелерін, қоғамдық орындарды және жол бойларын қоқыстан тазарту, айналаны көркейту жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, жастар мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың ортақ міндеті.
Осындай игі шаралар ауылдың көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді. Таза ауыл — дені сау ұрпақтың кепілі!. Табиғатты қорғау — болашақты қорғау!
Өткізілген іс-шаралар
12 мая 2026
9 мамыр Ұлы Отан соғысы ардагерлер күніне өткен іс-шара.
Өткізілген іс-шаралар
12 мая 2026
"Заң мен тәртіп" аясында дөңгелек үстел
Өткізілген іс-шаралар
12 мая 2026
"Таза Қазақстан" акциясы
Өткізілген іс-шаралар
08 мая 2026
"Таза Қазақстан" акциясы
Өткізілген іс-шаралар
09 декабря 2025
“Діни экстремизм және терроризм”

Деструктивті ағымдардан сақтану мақсатында Егінді ауылының “Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында ауыл тұрғындарының арасында түсіндірме жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар 2025 жылдың 30 маусымынан бастап Қазақстанда жаңа заң күшіне енгендігі, енді қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынғандығы, талап бойынша көпшілік ортада ниқаб, бетперде, бетті жабатын балаклава сынды бұйымдармен бетті бүркеуге болмайтындығы айтылды.
Спикер: Дамишева Б.С - бас маман, АТТ мүшесі.

Өткізілген іс-шаралар
09 декабря 2025
Құқық кабинеті

Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Бұл мемлекет басшысының ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Құқық кабинет ауылдық әкімдіктің ғимаратында, EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынын базасында жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы