Егінді ауылының кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата заңым-айбыным! атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мекеме қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында ауыл кітапханашысы А. Оспанова өзінің дайындаған мақаласын жиналғандарға оқып берді. Ол өз сөзінде Ата Заң ел азаматтарының бостандығы мен құқығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның әлемдік кеңістікте өзге мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын зайырлы қоғамымен ерекшеленетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар тәуелсіздігімізді айғақтайтын, нақтылайтын негізгі құжат – Ата заңның пәрменділігі төңірегінде ой толғап, елімізде тұрып жатқан көптеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының негізі осы құжаттың өзегінде жатқандығы жайлы пікір алмасты.