Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы!
Құрметті жиыңға қатысушылар!
«Нұра ауданы Егініді ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары және
2024 жылға жоспарлары туралы қысқаша баяндаймын.
Слайд 1-2
2023 жылға Егінді ауылының аппаратына бөлінген бюджеттік қаржы көлемі
316 млн. 173мың теңге, онын ішінде:
- елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру – 797 мың теңге,
- аудандық автомобильдік жолдарың қамтамасыз ету бойынша – 500 мың.теңге
- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету- 188 мың теңге
- елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру – 179 мың тенге
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту – 314млн.509 мың тенге
Биыл Егінді ауылында республикалық бюджеттен "Ауыл –ел бесігі" бағдарламасы бойынша ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 314млн.509мың теңге бөлінді. Байқауды "Өрнек НС" ЖШС фирмасы жеңіп алды. Жөндеу жұмыстары Тәуелсіздік, Сейфуллин, Абай, Уәлиханов көшелерінде және 4 бұрылыста жүргізілді. Жолдарды жөндеудің жалпы ұзындығы 9000м болды. Сонымен қатар Асылбеков, Айнабеков көшелеріне дресва төселді. Ауылішілік жолдарды жөндеген "Өрнек НС" ЖШС фирмасына жол жиектерін толтыру жұмыстарын орындамаған себептен толық қаражат төленген жоқ.
Слайд 3
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша 1 жұмыссыз және 2 екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматшалар 2 707 000 теңге көлемінде грант алып өз алдарына іс ашты.
Жастарға арналған 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру аясында ауылымыздың тұрғыны Асанходжоева М 3млн 300мың.тенге көлемінде несие алып өз алдына наубайхана ашты. Сонымен қатар облыс әкімінің грантына қатысып 2 млн. тенге ұтып алып наубайханасына керек заттарын алды .
Слайд 4-5
Атқарылған жұмыстар:
Слайд 6
ЖОСПАРЛАР:
Құрметті ауыл тұрғындары, сіздерге өтініш, салық түсімі ауыл бюджетіне түсу үшін, автокөліктерінізді Нұра ауданына есепке қойюларыңызды сұраймыз.
Назарларынызға рахмет!