Отчет акима села

Сәлеметсіздерме!

Құрметті ауылдастар! Здравствуйте, уважаемые односельчане!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы  №826 Жарлығына  сәйкес,  елде жүргізіліп жатқан  реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында ауыл, кент, қаладағы аудан әкімінің тоқсан сайын кемінде бір кездесуін өткізу көзделген.  

Егінді ауылы бойынша ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқтала кетейін.

2 айлық  көктемдік санитарлық тазалау іс-шарасына сәйкес әр бейсенбі, сенбі сайын көшелерді тазалау, ағаштарды кесу  жұмыстары жүргізілуде. Мектеп манайына 20тал, 20 бұта егілді. Сәуір айында су қоймасына жаңадан дизель станциясын қостық, жарық сөнген  жағдайда су енді тоқтаусыз берілетін болды.

Егінді ауылына "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2023 жылы  338 401 000 теңге бөлінді. Конкурсты өткізу кезінде 321 48 0 950 теңге сомасына "Өрнек-НС" фирмасы жеңімпаз болып шықты.

Жөндеу жұмыстары Тәуелсіздік, Сейфуллин, Абай, Уәлиханов көшелерінде және 4 қиылыс көшелеріне жүргізіледі. Жолдарды жөндеудің жалпы ұзақтығы 9000 м. Қазіргі уақытта мердігер 2000 м жолға дайындық жұмыстарын жүргізді.

Әкімдік қызметкерлері   елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру  жұмыстарын ұйымдастыру  ережелеріне сәйкес тұрғын үйлердің,  жер  учаскелерінің иелері үй жанындағы іргелес аумағының және жер учаскелерінің тазалығы мен  тәртібін сақтау бойынша ауыл тұрғындарына хабарлама таратты.

Сәуір айында   ауыл тұргындарымен 2 жиын өткізілді. Жиын барысында жылқыларды шығару, мал жаю, қаңғыбас иттер, су тасқыны кезіндегі алдын алу шаралары,  санитарлық тазалығы  бойынша мәселелер қаралды.

Ауылымыздың  учаскелік инспекторы, ауыл әкімшілік қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ақсақалдар алқасы ауыл тұрғындарымен кездесіп  мал бағу, ауылдың тазалығы, қаңғыбас иттер ұстау бойынша тағы да басқа мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады және жағдайы төмен отбасыларды да әр дайым қадағалап жүреді.

Ауылдық ветеринарлық дәрігер көктемгі бруцеллезге тексеруге үшін  ірі қара мал мен қойлардан қан алып, барлық жоспарланған вакциналарды жасады. 

                                        

                                                   ЖОСПАРЛАР:

  1. Жаңадан ауыл клубын салу

2.Су мұнарасын орнату

    3.Көшелерге  қосымша жырықтарды орнату, санитарлық тазалық, абаттандыру және көркейту жұмыстарын    жалғастыру;                                                                                                   

  1. Тұрмысы төмен, толық емес және айлық кірісі төмен отбасыларға қолдан келгенше жәрдемдесу;

5. Жас мамандарды ауылға тарту және  жастарды  ауыл өміріне араласуға   белсенді қатыстыру;                                                                                                                       

Дата публикации
05 февраля 2024