Баршын ауылдық округіне қарасты Баршын ауылында жалпы білім беретін тірек мектебі орналасқан,ол жерде 128 оқушы оқыйды. Мектепте қазақ тілінде білім береді. Мектепте 28 ұстаз бар. Төрт мұғалім-бастауыш сынып мұгалімдері.Мектепте жалпы білім беретін мектептері жоқ елді мекендерінің балаларды да оқыйды. Шалғай ауылдан келген балаларды тасымалдау және жеткізу жүзеге асырылады. Оқу кезеңінде балалар мектеп жанындағы интернатта жатады, интернатта 22 оқушы бар. Демалыс күндері балалар үйлеріне қайтады.Интернатта сондай- ақ мектеп жасына дейіңгі балаларға арналған шағын орталық бар. Ондағы балалар саны -17. Мектеп директоры Соппекова Гулдана Сабыровна, педагог, Қазақ әдибиеті пәнінің оқытушысы. Мектеп мекен-жайы Аблахатов көшесі 10 .