2023 жылы жалпы 5 қызмет көрсетілген, оның мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде 1, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 0 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 4 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 4 қызмет . Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Электрондық Үкімет веб порталын насихатттау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды. 2023 жылдың басынан бастап 1 онлайн жәрмеңке өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар орын алған жоқ.