Әкімнің сөз сөйлеуі

               

 

Баршын  ауылдық округы бойынша 2023 жылғы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы Баршын ауылының  халық алдындағы есебі

 

         Халық саны – 771 , аула саны-172 , барлық топтағы мүгедектер саны-14  ,  жұмысқа қабілеттілер саны-346 ,  оның ішінде білім саласында-66, Денсаулық саласында-14, мәдениет саласында-6, Энергетика саласында-7, Ауа райы болжамында-4.

                                         Ауылшаруашылық саласы

Қара мал саны 2023жылы – 4977 бас ,        2024 жылы-4730

Жылқы саны 2023 жылы-5212 бас  ,            2024жылы- 4495

Қой-ешкі  саны 2023 жылы- 3647 бас ,      2024 жылы-3216

Құстар саны     2023 жылы-1694 бас           2024 жылы- 1669

Баршын ауылдық округі бойынша -50 шаруа қожалығы, 10- ЖК тіркелген оның ішінде 2- мал шаруашылығы, 3- сауда (дүкен), 1-дөңгелек жөндеу 5- бала тасмалдаумен айналысады.

Былтырғы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы  бойынша   5 шаруа қожалығы атап айтсақ «Исин Б», «Ильясов К», «Айнабаев И»,Бимендина А, Байленов С -  61 млн 550 мың тенге несие алып,  жаңадан 5-трактор, 5-кун алып   материалдық техникалық базасын жаңартты.   

 

Әкімнің сөз сөйлеуі
Дата публикации
27 марта 2024