Балықтыкөл ауылы Нұра кенті аудан орталығынан 140 шақырым жерде, Шахтинск қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Облыс орталығынан Балықтыкөл ауылына дейін қашықтық 150 шақырым.
Ауылдың тарихы 1964 жылы басталған, бірінші болып қоныстанған Балабиев Балтабай, ол Нұра ауданының Черниевка ауылынан келген. Ауыл территориясы – 165674 га.
2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 209 адамды құрады. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында халық саны 206 адамды құрады. 2024 жылдың 1 қаңтарына 209 адам, келген 6 адам, 2 адам кетті, көші-қон балансы 4 адам. 2023 жылмен салыстырғанда халық саны 12 пайызға өсті.
• 1 мектеп (қазақ тілінде)
• 1 шағын орталық жұмыс жасайды.
Ауылда медициналық пункт бар. 2024 жылы жаңа медициналық пункт салу жоспарлануда.
Ауылда 1 ауылдық кітапхана жұмыс істейді (мектеп ғимаратында орналасқан).
Ауылдың негізгі саласы – дәнді-дақылдарды өсіру және мал шаруашылығы. 24 шауа және фермерлік шаруа қожалықтары бар.
Ауылды электроэнергиямен қамтуды энергетикалық кәсіпорын «КРЭК» ЖШС қамтамасыз етіп отыр.
«Қаратал» КМКК ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Штат саны 1 адам.
2024 жылы ауылды сумен қамтамасыз ету құбырларын жүргізу жоспарлануда.
Ауылда санитариялық тазалау, елді-мекенді көгалдандыру және көгалдандыру бойынша сенбіліктер өткізіліп тұрады.