Доклад

Нұра  ауданы  Балықтыкөл ауылының әкімі   Н.С. Жакупованың 2023 жылдың атқарылған  жұмыстарының есебі.

Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы !

Құрметті әріптестер және жиынға қатысушылар!

 

“Нұра ауданы Балықтыкөл ауылы әкімі аппараты” Мемлекеттік мекемесінің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және өзге Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық заңнамаларына сәйкес жоспарланып, ел Президентінің ауылдық округтер әкімдеріне қойылған нақты мәселелерді іске асыру мақсатында жүргізілуде.        

Балықтыкөл ауылдық округі бір елді мекеннен  тұрады.

Балықтыкөл ауылдық округінде – барлығы 206 адам

Аулалар саны – 55

Отбасылар – 67

Алтын алқа иегерлірі 2 ана, күміс алқа иегерлері 5 ана.    

Экономикалық белсенді тұрғындар – 80 адам.

Зейнеткерлер – 19 адам,

Мүгедектер  саны – 6, I топтағы мүгедектер - жоқ

ІІ  топтағы мүгедектер саны – 1 адам.

Балықтыкөл округі бойынша ,барлық жер көлемі – 165 674 га

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

«Азаматтардың өтініш, шағымдарын қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасын  жүзеге асыру мақсатында ауыл тұрғындарының өтініштері мен шағымдары уақытында қаралып,жауап беріліп отырады.

         2023 жылы жеке тұлғалардан 4 өтініш түсті, негізгі қызмет бойынша 39 өкім шығарылып.

САЛЫҚ САЛАСЫ

2023 жылы жергілікті бюджетке салықтар 1млн 60 мың 208 теңге көлемінде түсті. Оның ішінде жер және мүлік салығы бойынша 21 686 теңге құрады.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2023 жылдың жоспарына сәкес Балықтыкөл  ауылы бойынша 10 адам жұмысқа  орналастырылды.

2023 жылы қыркүйек айында азық-түлік автолавкасы ұйымдастырылды.

         Балықтыкөл ауылы бойынша әлеуметтік қызметшілер жоқ.

Елді мекендерді көркейту және аббаттандыру қаржы есебінен балалар ойын алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аумақта жалпы саны -24 шаруа  және фермер қожалықтары бар.

Бүгінгі күнде округіміз бойынша қолданыстағы жерлердің жалпы көлемі 88 427 га. Оның ішінде Егістік жерлері 4720 га, жайылым жерлер 83 544 га, шабындық жерлер 163 га құрайды.

Балықтыкөл   ауылында 2023жылы егістік алаңы 2790 га, жалпы өнім 1162 тн,  өнім сапасы 5,5 ц/га.

Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығы мен  шаруа қожалықтарындағы мал санының жалпы көрсеткіші:

01 қаңтар 2023 жылы Ірі қара мал саны- 1355, ұсақ мүйізді мал- 2293, жылқы- 2132, құс- 1329.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Ауыл аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы саны – 1 адам.

БІЛІМ САЛАСЫ 

Биылғы  жаңа  оқу жылы Балықтыкөл негізгі орта мектебі үшін  2023-2024 жыл өте берекелі жыл болмақ. Балықтыкөл негізгі орта мектебінде қазіргі таңда 15 ұстаз еңбек жолын өтеуде. Оның бір тәрбиеші, білімі арнаулы орта. Бастауыш сынып мұғалімдері – 4, орта буын мұғалімдері -8, білімдері жоғары, санаттары педагог –сарапшы-2, педагог–модератор-5, екінші санатты -1, санатсыз -4. Техперсонал құрамы -12адам.Білім алушылар саны-48.

АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ

Балықтыкөл  ауылыкітапханасының кітап қоры 8701,оның  ішінде қазақ  тілінде-4543  дана  кітап,  орыс  тілінде-4158,оқырмандар саны 155.

2021 жылы  кітап  қорына  келген  кітап  саны – 161, оның  ішінде  161  қазақ  тілінде.

КОММУНАЛДЫҚ САЛА БОЙЫНША

Санитарлық тазалау және  абаттандыру

Президентің тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы Балықтыкөл ауылына  тонна көмір жеткізілді.

Көктемгі, жазғы және күзгі санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

  1. Жалпы тазаланған алаң - 4 га;
  2. Таза бейсенбілік- 4 өткізілді;

4.Сенбіліктерге ауыл бойынша – 6 ұжым, 25 адам қатысты;

Электр қуатымен қамтамасыз ету

Балықтыкөл ауылында  2 трансформатор «Қарағанды аймақтық энергетика компаниясы»  Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің балансында.Электр  қуаты  үздіксіз  беріледі.

2023 жылы Балықтыкөл ауылы әкімінің аппаратының үнемделген қаржы есебінен ауылдың кіре берісіне жарықтандыру үшін  6 светодиоттық жарық шамдары орнатылды. Ауыл әкімі аппараты және көше жарықтарын ұстау  «КарПромЭнерго» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің  негізінде жүзеге асырылуда. Ауыл халқын үздіксіз электор қуатымен жабдықтау «Расчетный сервисный центр» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің еншісінде.

АУЫЛЫМЫЗ БОЙЫНША  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

  1. Балықтыкөл- Есенгелді арасындағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

ЖОСПАРЛАР:

  1. Санитарлық тазалық, абаттандыру және көркейту жұмыстарын жалғастыру.
  2. Салауатты өмір салтын ұстанып, кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыру.
  3. Шағын және орта бизнесті дамуына жағдай жасау, насихаттау жұмыстарын жүргізу.
  4. Ауылды күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын жандандыру.
  5. Ауылға хоккей кортын салу.
  6. Жол жөндеу 2024 жылдың жоспарына енгізілді.

 

Құрметті  Бақытжан Мылтықбайұлы! Құрметті әріптестер, жиынға қатысушылар! Сіздерге бірлесе атқарған жұмыстарымыз үшін алғысымды білдіремін. "Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді" деп халқымыз бекер айтпаған.Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!

 

Назарларыңызға рахмет !!!

Дата публикации
13 февраля 2024