2024 жылдың 1 тоқсан есепті кезеңінде «Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 1 (бір) мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде көрсетілді. Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында ауылда баннер ілініп, ауыл тұрғындарына веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы брошюралар мен жадынамалар таратылды. Әкімдік ғимаратында «eGov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мемлекеттік органға көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар болған жоқ.