Нұра ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «__» _______
№ ___ қаулысының
№ 13 қосымшасымен бекітілген
«Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Егер «Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
2) мемлекеттік егемендікті, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық - саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
1) құқықтары:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу.
2) міндеттері:
- соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста ауылдық округі әкімінің, аудан әкімдігінің мүдделерін ұсыну;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
- Нұра ауданы әкімінің аппаратына көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны және халық арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы тиісті ақпарат ұсыну;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) ауылдық округі әкімі аппаратының регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
2) ауылдық округі әкіміне, аудан әкіміне, әкімдігіне және мемлекеттік органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
3) ауылдық округі әкімінің, аудан әкімінің, әкімдігінің қызметтерін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
4) ауылдық округі әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органында тіркеуді және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
5) ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысын, мәжілістердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру;
7) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдарының, сонымен қатар, облыс әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің және әкімдігінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдары актілерімен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің азаматтарды жеке қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасайды, азаматтық хал актілерін тіркейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жұмыссыздарды белгілейді;
13) ауылдың, ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
14) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша ауылдың, ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
15) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
16) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;
17) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;
18) органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырады;
19) коммуналдық қалдықтарды тұрақты шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
20) коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
21) коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын алады;
22) ауыл бюджетінің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етеді;
23) жергілікті қоғамдастық жиналысына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;
24) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
2) «Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген өкілеттік пен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
5) әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
7) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
8) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдың, ауылдық округтің автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;
9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
13) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
14) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
15) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
16) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жазаның осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
17) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
18) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
19) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастырады;
20) қажет болған жағдайда жатқан науқасты Денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
21) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
22) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
23) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
24) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
25) жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қабірге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізеді;
26) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
27) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
28) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
29) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
30) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді;
31) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды сақтайды;
32) өз құзыреті шегінде салықтарды жинауды жүзеге асырады;
33) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын және оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) ұсынуды қамтамасыз етеді;
34) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 729-бабының 3-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;
35) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға асырады.
«Нұра ауданы Байтуған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.