2023 жылдың жалпы 12 қызмет көрсетілген, оның мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде 0, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 0 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 12 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 12 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 0 қызмет.
Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Электрондық Үкімет веб порталын насихатттау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілінді және веб-портал арқылы электронды түрде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жөнінде брошюралар таратылды. 2023 жылдың басынан бастап 24 мемлекеттік қызмет алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жұргізілді .
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызметтерге қатысты қызмет алушылардан аталған кезеңде ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар орын алған жоқ.