Ақмешіт ауылдық округі әкімі Ж.Байбейловтың
2023 жылда атқарған жұмыстарының есебі
Құрметті Бақытжан Мылтықбайұлы және жиынға қатысушылар! «Ақмешіт ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жұмыс жоспарын жоспарлау барысында төмендегі іс - шараларға баса назар аударды:
-Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, қаулы-қарарларын орындау мақсатында арнайы іс-шаралар жасап бақылауға алу.
- Ауыл тұрғындарының өтініштері мен шағымдарын уақытында қарап жазбаша жауап беру.
- Ауылды санитарлық тазалық жұмыстарын одан әрі жақсарту, елді мекендерді көгалдандыру.
- Ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайларын жақсарту, кедейшілікті төмендету мақсатында тұрғындарды бау- бақша егуге, мал өсіруге, көкөніс салуға мүмкіндігінше ықпалдық ету.
- Жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, көмек көрсетуді жалғастыру.
- Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес уақытында қызмет етудің нәтижесімен сапасын арттыру.
- Жастарды мәдени спорт шараларына барынша жұмылдыру, ауылда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жұмыс жасау болып табылады.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.
2023 жылы Ақмешіт ауылдық округінің халық саны 540 адам, оның ішінде Ақмешіт ауылында -401, Қантай ауылында – 139 адам тұрады.
Аула саны – 190 үй, оның ішінде Ақмешіт ауылында – 144 үй, Қантай ауылында – 46 үй бар.
Округ бойынша зейнеткерлер – 122 адам.
Барлық топтағы мүгедектер – 44 адам.
«Алтын алқа» иегерлері – 5 адам, «Күміс алқа» иегерлері - 7 адам.
Ауыл әкімі аппаратында 3 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады (1-әкім, 2 бас маман). Орналасқан ғимаратта ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі ілініп, әр аптаның сейсенбі және жұма күндері қабылдау жүргізіледі. Жыл басынан азаматтардан келіп түскен өтініштер саны - 7, оның ішінде жеке тұлғалардан – 4, заңды тұлға 3 өтініштер заңға сәйкес қаралып, жазбаша жауаптар берілді. Сонымен қатар 19 мемлекттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 заңды тұлға, 16 жеке тұлға. Түскен өтініштер толығымен қанағаттандырылды.
Ауылда Жергілікті қауымдастық қызмет атқарады, құрамында 5 адам бар.
Қауымдастық құрам мүшелері әр түрлі саланың өкілдері, төрағасы –Толеуов Нуржан Бошанович
Бөлінген қаражат
*Көшелерді қоқыстан тазартуға, үйінділерді жоюға – 210 мың теңге;
*Аллеяны абаттандыру - 200 мың теңге;
*Көшелерді қардан тазалауға – 657 мың теңге;
Демеушілік көмек
*«Алдеран» шаруа қожалығы жастар аллеясы үшін 1 млн 200 мың теңгеге тас төсеніш сатып алуға көмектесті.
*Ақмешіт ауылының тумасы Калуетов Р. жастар аллеясына 110 дана қоршау алып берді.
Әскери есеп үстелі
Әскери есеп үстелі бойынша 2023 жылы әскери есепке 71 әскери міндетті тіркелген. округ бойынша әскерге шақырылушылар саны -2 адам.
Атаулы әлеуметтік төлемдер.
2023 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасыға көрсетіліп, 5 адамға соның ішінде 3 балаға 718 мың 344 теңге бөлінді. Округ бойынша үйде қызмет көрсететін 2 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады.
2023 жылы жұмыспен қамту орталығында 3 адам тіркеліп, 3 адам қоғамдық жұмыстарына қатысты.
Ауыл шаруашылық саласы.
Ақмешіт округі бойынша барлық жер көлемі – 66400 га, Ақмешіт ауылының жалпы алып жатқан жер көлемі – 7957 га, Қантай ауылының жалпы көлемі – 4357 га., Қөбыкөл – 2872 жалпы - 15190 гектар елді мекен жері. 22140 гектары егістік жер, 40835 гектары жайылымдық жер, 778 гектар шабындық жерлер. 28 шаруа қожалығы тіркелген.
Округімізде «Жартас» ЖШС, «TAS-2004» ЖШС және «Альдеран2» шаруа қожалықтары картоп, жонышқа дақылдарын себумен айналысады. Биыл «Намыс» Шаруа Қожалығы 600 га бидай 100 га сұлу екті . Ақмешіт ауылы бойынша «Әли Сүт» кооперативі күніне 350 литр және Қантай ауылы бойынша «Ақмешіт Сүт» кооперативі күніне 300 литр сүт «RenMilk» ЖШС-не тапсырып отырады.
Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығындағы мал саны: ірі қара мал – 828 бас, ұсақ мүйізді мал – 925 бас, жылқы – 772 бас, құстар – 1409 бас.
Жеке шаруа қожалықтарындағы мал саны: Ірі қара мал – 1374 бас, ұсақ мүйізді мал – 1110 бас, жылқы – 1686 бас.
Бизнес және кәсіпкерлік
Округ бойынша: 5 дүкен бар. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% мал өсіру бағытында Ақмешіт ауылыны тұрғыны Мухамбеткалиева Зухра 4 млн 450 мың теңге несие алып 9 бас жылқы мал сатып алды.
Ауылымыздың тұрғындары жыл сайын өткізілетін «Ауыл Береке» жәрмеңкесіне белсене қатысып, сол жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдерін:сүт, қаймақ, ірімшік, ет өнімдерін шығарып отырады.
Санитарлық тазалау бағытында апта сайын «Таза бейсенбілік», сенбілік күндерінде ауыл тұрғындары, ұжымдар ауыл ішін және үйлерінің маңайын тазалауға шығып тұрады.
2023 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР.
4.Округ бойынша 15 көше шамдары аустырылды
5.Мемлекеттік ж/е ұлттық іс-шаралар өткізіліп, баннерлар алынып орнатылып тұрады.
АУЫЛ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР.
орындарын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу.
2024 ЖЫЛҒА ЖОСПАР.
5.Ауылды жарықтандыру жұмысын жалғастыру, шамдар, СИП кабелін, жеке есептегішті орнату жұмыстарын жүргізу
7.Мүмкіндігінше инвестор тартып ауылға мал сою орынын ашуды қамтамасыз ету.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!