Ақмешіт модельді ауыл кітапханасының
І - IY тоқсан 2023 жылы
атқарған жұмысы жайлы мәліметі
|
|
Жоспар І - IY тоқсан 2023 жыл |
Орындалғаны І - IY тоқсан 2023 жыл |
|
Оқырмандар саны |
500 |
502 |
|
оның ішінде балалар саны |
100 |
100 |
|
Келушілер саны |
5000 |
5002 |
|
оның ішінде балалар саны |
1000 |
1002 |
|
Кітап берілімі |
10000 |
10003 |
|
оның ішінде балалар саны |
2000 |
2003 |
|
Іс-шаралар өткізілген |
60 |
|
|
Қанша кісі қатысты |
170 |
|
|
Кітап көрмесі |
25 |
|
|
Қанша кітап алынды |
110 |
|
|
Онлайн іс-шаралар |
14 |
|
2016 жылдан бастап Мустафина Ботакоз Ахметқызы Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханашы болып тағайындалды. Ботакөз 1986 жылы Қарағанды облысы, Қарақаралы ауданы, киелі Қасым Аманжолов атындағы ауылда дүниеге келген. Мектепті бітірісімен 2004-2009 жж. Қарағанды обл. Е.Букетов атындағы университет, ПХФ факультеті, «Баспа ісі» мамандығын тамәмдады. 2019 жылы Көкшетау қаласының Шоқан Уалиханов атындағы университет «Кітапхана ісі» мамандығын оқып шықты. Оған дейін 2013 – 2014 жж. Ақмешіт ауыл апаратында бас маман қызметін атқарды. 2016 жылдың наурыз айынан бастап Ақмешіт модельді
ауыл кітапханасында кітапханашы маманы болып қызмет атқарып келеді.
Мустафина Б.А. С-3 жоғары деңгейлі маман, білімі – жоғары, баспа ісі, еңбек өтілі – 8 жыл. Ботакоз үлгілі ауылдық кітапхананы қабылдағанына шамалы уақыт өткеніне қарамастан өзін жақсы жағынан көрсете білді. Қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол, сауатты маман екендігін дәлелдеді. Кітапханада «Ата жұрт» өлкетану клубы бойынша жұмыс жасайды.
Ақмешіт ауыл кітапханасы әкімшілік ғимаратының ішінде орналасқан. Кітапхана көлемі 60 квадрат метр, 12 орындық оқырмандар залы бар.
24 желтоқсан 2004 жылы «Модельді ауыл кітапханасы» мәртебесі берілді. Кітапхана жаңа техникалық құралдармен жабдықталған. 2 компьютер, түрлі-түсті теледидар, көшірме апараты, сканер және де жаңа кітап сөрелері, стол, орындықтар.
Кітапхананың негізгі бағыты өлкетану жұмысы. Кітапханада «Атажұрт» клубы жұмыс істейді. Бұл клубтың ұраны: «Туған өлкеңді сүй және біле біл».
Клубтың мақсаттары мен міндеттері:
Осы тұрғыда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Кітапханада әр-түрлі тақырыпта папкалар жинақталған. Айталық «Ақмешіт ауыл энциклопедиясы» бұл энциклопедия жылда-жылда толықтырылады.
Оқырмандар саны барлығы – 500 оның ішінде балалар саны – 100
Оқырмандар кітап берілімі – 10000 оның ішінде балаларға – 2000
Кітапханаға келушілер есебі – 5000 оның ішінде балалар – 1000
Оқылымдық –
Қазіргі таңда кітап қоры кітапханада -8200 оның 4500 қазақ тілінде және Республикалық, облыстық, аудандық газетер мен журналдар жазылып алынуда.
Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханасы Республикалық, облыстық, аудандық конкурстарға белсене қатысып сертификаттармен марапатталып тұрады. Ақмешіт үлгілі ауыл кітапханашысы Мәдениет қызметкерлер күніне орай кітапты насихаттауда көрсеткен жоғары кәсіби білімі және кітапхана беделін жоғары деңгейде қолдағаны үшін Алғыс хаттар мен марапатталып тұрады. 2023 жылы «Үздік кітапхана - 2023» үздік кітапхана номинациясына ие болды.