Әлеуметтік сала
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауыл әкімі Темиров Даулет Мерекеевич ауылдағы жалғыз басты зейнеткерлерді құттықтап, шағын сыйлықтарын ұсынды
2023 жылы 1 маусым балалар күніне орай «Алим – Ойл» ЖК басшысы Темирова Жибек Аубакировнаның демеушілігімен бала мүгедегі Ильясов Ануар Ертаевичке компьютер сыйға тартылды. Ауыл әкімі мүгедек балалардың үйіне барып құттықтап, сыйлықтарын тартты.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылда 150 орындық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде барлығы 6 адам жұмыс істейді.
Ауыл мәдениет үйінде би үйірмелері, «Жұлдыз» домбыра ансамблі, флейта класы, домбыра класы жұмыс жасайды. Хореография, вокал және хор үйірмелері бар. Жоспарға сай мемлекеттік, ұлттық мерекелер өтіп тұрады.
Ауыл жастары 2022 жылы сәуір айында Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды, 20 маусымда Ыстықкөл өзенінің жағасында Барчын пансионатында «Жемчужина Казахстана» ІV-Халықаралық спорттық фестиваліне қатысып 1, 2, 3 орындармен оралды, 25-28 қазан аралығында Қарағанды қаласында өткен Nomad MMA бойынша Азия чемпионатында күміс, қола жүлдегері атанды, қараша айында Nomad MMA бойынша Қарағанды облысының чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, Нұра ауданы болып 3 орынды жүлделеді, 22-25 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен Ушу-саньда бойынша чемпионатта жүлделі орындармен оралды.
2023 жылы 16 желтоқсанда ауыл мәдениет үйінде Ахмет ауылы әкімі аппаратының демеушілігімен "Балалар жылына" орай
«ЖАС ҚАНАТ» вокалдық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
1. Жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың патриоттық сезімін арттыру;
2. Ауылымыздағы дарынды балалар мен жасөспірімдердің музыкалық қабілеттерін шыңдап, жас таланттарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
1. Қатысушылар Отан, туған жер, ел туралы бір патриоттық ән орындады. Ал екінші ән еркін тақырыпта.
2. Байқау екі жас санатында өтті:
7-10 жас
11-15 жас
ГРАН-ПРИ жеңімпаздары – 20 000 теңге;
І орын – 15 000 теңге;
ІІ орын – 10 000 теңге;
ІІІ орын – 5 000 теңге иеленді
және барлық жас әншілер қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды, сонымен қатар шағын сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, ауыл ішінде де түрлі ұлттық ойындарды ұйымдастырып, жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруда.
Санитарлық тазалау
Санитарлық тазалау бағытында апта сайын «Таза бейсенбілік», сенбілік күндерінде ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, ұжымдар ауыл ішін және үйлерінің маңайын тазалауға шығып тұрды. Ауыл еріктілері жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектердің үйлерінің маңайын қоқыстан тазартып, өз үлестерін қосты.
2021-2025жж. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы
"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын құрудың мақсаты - халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, оның ішінде: атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтармен тиімді жұмыс істеу болып табылады. Осы жоба негізінде:
2022 жылы - 250 пирамида терек көшеттері отырғызылды.
2023 жылы - 1300 пирамидалық терек және қарағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар 3 көк шыршалар, 4 қарағай отырғызылды.
Сондай-ақ:
2024 жылы - 1500 шырша, серебай және күміс терек көшеттерін,
2025 жылы - 1500 пирамида терек көшеттерін, шыршалар және сәндік бұталар отырғызу жоспарда бар.
«Айтылды-жасалды»
Ахмет ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша:
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР
- 9 Мамыр «Жеңіс күніне» орай тыл ардагерлеріне шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілігімен сыйлық таратылды және ардагерлер құрметіне гүл шоқтары қойылды.
- 1 Қазан – Халықаралық мейрам, қарттар мен мүгедектер күніне орай 70 жастан асқан қарттар мен Ұлы Отан соғысында еңбек еткен тыл ардагерлеріне ауылымыздың шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілігімен мерекелік дастархан жайылып, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
- Ауыл жастарынан құралған Волонтерлық топ үнемі жалғыз тұратын мүгедектер мен қарт адамдарға көмек көрсетуде, жазғытұрым алаңдарын жинап, қыста қар тазалап, отын жарады.
- 30 желтоқсан 2023 жылы Жаңа жылдық шыршаға 16 жасқа дейінгі балалар шақырылды.
Ауыл мәдениет үйінің ұжымы балаларға өз өнерлерін көрсетті.
Балалар безендірілген мерекелік шыршаның жанында Аяз ата, Ақшақармен бірге би билеп, ән айтты, шақырылған 50 балаға жаңа жылдық тәттілер, үлкен балаларға ойыншықтар таратылды.
- 22 наурыз 2023 жылы Наузыр мерекесіне байланысты 3 киіз үй құрылып, әрбір киіз үйде ұлттық тағамдармен дастархан жайылып, арнаулы тағам 150 литр наурыз көже дайындалды. Наурызға арнап тай сойылып, ет асылды. Сондай-ақ, қайырымдылық дастархан (палау, көже, бауырсақ) жайылды. Одан бөлек мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, кәуап дайындалды.
Негізгі концерттік бағдарламадан бөлек ұлттық ойындар ойналып, жабағы жарыс, құнан жарыс, ат жарыс, көкпар ойындарынан марапаттау рәсімі өтті.
Мерекелік шарада ауыл әкімі Дәулет Мерекеұлы барша ауыл тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, ауылымыздың бас имамы Қабдысәлім Боранбай бата беріп, мерекелік шашу шашылды.
- 14 маусым 2023 жылы Ахмет ауылында "Тасаттық" діни рәсімі өтті. Ауыл халқы шаруа және фермер қожалықтарының демеушілігімен құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылды. Бүгін Ахмет ауылында "Тасаттық" діни рәсіміне орай қара мал құрбандыққа шалынып, бір бөлігі көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды.
2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР:
БОЛАШАҚҚА ЖОСПАР:
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!