GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

10 сентября 2026
Қарағандылық күзгі шақырылым сарбаздары Астанаға аттанды

Қарағанды облыстық жинақтау пунктінде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қарағанды облысынан шақырылған 36 жас сарбаз Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөліміне әскери қызмет өткеру үшін жолға шықты.

Салтанатты шығарып салу рәсіміне әскери қызметшілер, шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары, сондай-ақ Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Жас сарбаздарға Отан алдындағы борышты абыроймен атқару, әскери тәртіпті сақтау және антқа адал болу жөнінде ақ тілектер айтылды. Әскери қызмет – жас азаматтың бойында жауапкершілік, тәртіп, төзімділік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыратын маңызды өмір мектебі екені атап өтілді.

Сарбаздардың ата-аналары да өз перзенттеріне ақ баталарын беріп, әскери қызметті аман-есен өткеріп, елге абыроймен оралуын тіледі.

Ел қорғау – әр азамат үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебелі міндет. Бүгін жолға шыққан 36 қарағандылық жас Отан алдындағы азаматтық борышын орындауға жаңа өмір кезеңіне қадам басты. ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі

Материалдар «Ortalyq Qazaqstan» сайтынаy көшірілді, сілтеме: https://ortalyq.kz/ara-andyly-k-zgi-sha-yrylym-sarbazdary-astana-alasyna-attandy/

09 сентября 2026
1200-ден астам қарағандылық әскери қызметке аттанады

Қарағанды облысында 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының нәтижесі мен алдағы күзгі шақыру кезеңінің жұмыстары талқыланды. Жиынға Қорғаныс істері департаменті, полиция, облыстық басқармалар өкілдері сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Биыл күзде Қарағанды облысынан 1202 азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлануда. Оның ішінде 670 адам Қарулы күштердің, 360-ы Ұлттық ұланның, 140-ы ҰҚК Шекара қызметінің қатарын толықтырады. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне де жіберіледі.

Осы жылы өңірімізден көктемгі әскери қызметке 1105 азамат аттанса, күзгі маусымда 1200-ден астам жасты әскер қатарына қосу көзделіп отыр.

Отан алдындағы борышын орындауға бел буған азаматтардың саны өскен сайын әскерге шақыру науқанын ұйымдастыруға қойылатын талап та күшейді. Сол себепті, басқосуда жергілікті атқару және әскери басқару органдары, полиция департаменті мен мемлекеттік құрылымдардыңжұмысын бір жүйеге келтіру мәселесі талқыланды.

«Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында: «Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Қазіргі уақытта әскерилер жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға екенін көрсетуге тиіс», – деп атап өтті. Біздің басты бағдарымыз да осы. Бұл бағыттағы жұмыс текәскери даярлықпен шектелмейді. Сарбаздар тығырықтан шығудың амалын тауып, бір–біріне қолұшын созып, берілген тапсырманы асқанжауапкершілікпен орындауға дағдыланады.  Әскер қатарына қосылған жастар өміріндегі бұл белесті маңызды қадам деп қабылдауы керек. Тәрбиенің бастауы – отбасында. Сондықтан отаншыл ұрпақтәрбиелеуде ата–ананың рөлі ерекше», — деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей.

Жиында әскери қызметтің маңызды кезеңдеріне айрықша көңіл бөлінді. Әсіресе әскерге шақыру, әскери ант қабылдау рәсімдерін жаңа форматта — салтанатты түрде өткізілуіне айрықша мән берілді. Бұл туралы мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген. Бұл ұрпақ сабақтастығын нығайтуға, жастар мен қоғам арасында әскери қызмет беделін арттыруға жол ашады.

Осыған байланысты Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында әскер қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылады. Сондай–ақ, Сарбаздар күні, ерлік сабақтары, ашық есік күндері және жастардың әскери қызметшілермен кездесулері өткізіледі. Бұл жұмысқа білім беру, мәдениет және жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылады. 

Қазіргі таңда Қарағанды облысында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде әскери қызмет туралы, жас сарбаздардың өмірі және алдағы зор мүмкіндіктері жайлы толыққанды ақпарат беріп, кеңінен насихаттау жұмысы қолға алынды.

Жиын қорытындысы бойынша, қала және аудан әкімдіктеріне мемлекеттік органдармен бірлесіп күзгі әскерге шақыру науқанын тиісті деңгейде ұйымдастыру және жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ 

Материалдар «Ortalyq Qazaqstan» сайтынан көшірілді, сілтеме: https://ortalyq.kz/zhauapkershilik-pen-otanshyldy-mektebi-1200-den-astam-ara-andyly-skeri-yzmetke-attanady/ 

27 августа 2026
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Басқармада 2026 жылғы 27 тамыз мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және алдын алу мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі аспектілерін баяндаған басқарма басшысы А.К. Султангали ұжым алдында негізгі баяндама жасады.

Іс-шараның негізгі мақсаттары

• Қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары мен талаптарын түсіндіру.
• Ұжымда әрбір қызметкердің парасаттылығы, заңдылығы, қызметінің ашықтығы және дербес жауапкершілігі қағидаттарын нығайту.

Сөйлеудің негізгі тезистері

Баяндама шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет заңға, кәсіпқойлыққа және қоғам мүддесіне қызмет етуге негізделгені атап өтілді. Лауазымдық өкілеттіктерді орындау жоғары тәртіпті, қызметтік этикаға және қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға қатаң сәйкестікті талап етеді.

Басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық құбылыстары мемлекеттік аппараттың тұрақтылығына тікелей қауіп төндіретінін атап өтті: олар азаматтардың билік институттарына деген сенімін теңестіреді, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын деформациялайды, әлеуметтік-экономикалық прогресті баяулатады және мемлекеттік мүдделерге тікелей зиян келтіреді.

Алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және азайту, мүдделер қақтығысы жағдайларын болдырмау, сондай-ақ заңда белгіленген шектеулерді сақтау. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарының, Әдеп кодексінің және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін дәл орындау қажеттігі атап өтілді.

А.К. Султангали қызметкерлердің назарын қызметтік тәртіпті, әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық теріс қылықтар жасағаны үшін жеке және жеке жауапкершілікке аударды.

18 августа 2026
Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.

Таңдау мүмкіндігі арта түседі

Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.

ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.

Барлық ақпарат – бір платформада

Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.

Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)

Өтінішті:

  • kz сайтындағы жеке кабинет арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып);
  • жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/. 

Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

03 августа 2026
КШЖЖ

Командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы (КШЖЖ), әскери басқару органдарын даярлау нысандарының бірі. Жұмылдыру ісшараларын жоспарлауда қолбасшылардың (командирлердің), басқару органдарының (штабтардың) дағдыларын жетілдіру, оларды бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру кезінде басқару органдарының жұмысындағы үйлесімділік, оларды даярлау дәрежесін және жылыстату жоспарларын орындау және жауынгерлік әзірлікке келтіру шындығын тексеру, жұмылдыру іс-шараларын жетілдірудің жаңа тәсілдері мен жолдарын зерттеу мақсатында жүргізіледі. Әр оқу жылына әр түрлі ұйымдық-штаттық құрылымның құрамалары мен әскери бөлімдері үшін КШЖЖ өткізу кезеңділігін және әскерлерді (күштерді) даярлау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауларды уәкілетті орган айқындайды.

20 июля 2026
Нұра ауданының аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелерімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар

Нұра кентіндегі Болат Әбдікәрімов атындағы көпсалалы колледж базасында аумақтық қорғаныс күштерінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиынының 2026 жылғы 08 шілдеде салтанатты ашылуы өтті.

8–17 шілде аралығында өтетін оқу-жаттығуға ауданның 100-ден аса әскери міндеттісі қатысуда. Арнайы жиынның негізгі мақсаты – әскери міндетті азаматтардың жауынгерлік даярлығын жетілдіру, жұмылдыру дайындығын нығайту және төтенше жағдайлар кезінде бірлескен іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру.

Жиынның алғашқы күнінде қатысушылар арнайы әскери киім-кешекпен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқу-жаттығудың тәртібі мен бағдарламасымен танысты. Алдағы он күн бойы олар саптық дайындық, тактикалық іс-қимылдар, атыс даярлығы және әскери машықтарды жетілдіруге бағытталған теориялық әрі тәжірибелік сабақтарға қатысады.

Оқу-жаттығуын Қарағанды облысынан келген тәжірибелі әскери қызметшілер жүргізуде. Бағдарлама аясында әскери міндеттілердің кәсіби дайындығын арттырумен қатар, жұмылдыру кезеңіндегі міндеттерді орындау, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдылары пысықталады.

Мұндай арнайы жиындар әскери міндетті азаматтардың дайындық деңгейін арттыруға, олардың Отан алдындағы жауапкершілігін күшейтуге және аумақтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/Daifg_aN2lC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

Нұра кентінде аумақтық қорғаныс күштерінің 10 күндік арнайы оқу-жаттығуы аясында кешенді тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Практикалық кезеңде әскери міндетті азаматтар халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар сорғы стансасын қорғау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындады.

Оқу-жаттығу барысында шартты диверсиялық топ стратегиялық нысанға заңсыз еніп, ауыз су жүйесіне зиян келтіруге әрекет жасады. Әскери міндетті азаматтар жедел әрекет етіп, блок-бекеттерде күзет ұйымдастырып, нысан аумағын толық бақылауға алды. Нәтижесінде шартты қарсыластың әрекетіне дер кезінде тосқауыл қойылып, диверсиялық топ залалсыздандырылып, стратегиялық нысанның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында алғашқы медициналық көмек көрсету, ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қорғаныс тәсілдері, инженерлік дайындық, байланыс құралдарын тиімді пайдалану және мобильді топтар мен блок-бекеттердің өзара іс-қимылы жан-жақты пысықталды. Әрбір бөлімше өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, жоғары деңгейдегі үйлесімділікті көрсетті.

Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/Da5l-rEA39X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

16 июля 2026
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген  316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.

НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды. 

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау. 

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

 

Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

  • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

            Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

  • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
  • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0

«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: 

https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

10 июля 2026
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 21 мамыр «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік орган қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және жою.

Мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметіне қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе ақпаратыңыз болған жағдайда, 8 (7212) 50-57-32 телефоны арқылы немесе mob_podgotovka@akimat09.kz электрондық поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың маңызды азаматтық міндеті әрі қазіргі қоғамды дамытудың басым бағыттарының бірі.

Осыған байланысты барлық азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға қатысуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылға өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Жұмылдыру жұмысы
Аумақтық қорғаныс
Азаматтық қорғаныс
20 июня 2026
«Бекет–2026»

Түркістан облысы аумағында  «Бекет–2026» республикалық оқу-жаттығуы мемлекеттік органдар мен жауапты қызметтердің төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша оқу жаттығудың 1-ші кезеңі өтті. Оқу-жаттығу барысында барлық құрылымдардың дайындық деңгейі тексеріліп, нақты жағдайларға барынша жақын ортада іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар, үйлестіру тетіктерінің тиімділігі бағаланып, алдағы уақытта жұмысты жетілдіруге бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды.

Оқу-жаттығу барысында басқарманың қызметкерлері белсенді әдістемелік көмек көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік ұсынымдар берді, сондай-ақ қойылған міндеттердің сапалы орындалуына жан-жақты қолдау көрсетті.

Мұндай оқу-жаттығулар мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі жедел әрекет ету қабілетін арттырып, төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық жауапты құрылымдардың басты міндеті, ал олардың келісілген және кәсіби жұмысы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының маңызды кепілі болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы