30 мамыр күні сағат 17.00-де Қарағанды облысының мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында Тәттімбет көшесі, 709 мекен-жайы бойынша «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді.

30 мамыр күні сағат 17.00-де Қарағанды облысының мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында Тәттімбет көшесі, 709 мекен-жайы бойынша «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті, Қарағанды облысының Әділет департаменті, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қарағанды облысының Адвокаттар алқасы мен мемлекеттік билік органдары.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Осы күні кез-келген азамат облыстың заң қоғамдастығының өкілдерінен тегін кеңестерді ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар, прокурор, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері бар.