Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 15 мамырда «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланып отыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты – мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7212) 505734 телефоны арқылы не болмаса ump_krg@krg.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болатынын жеткіземіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрбір азаматтың берік ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.

Мұндай шараларға әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белсенділік танытып, жеке үлес қосуға шақырамыз.