«Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленіп, «Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде тыйым салу, шектеулер мен рұқсаттар жүйесі болып саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне құқықтық сауаттылықты және төзбеушілікті арттыру болып табылады.