«Қарағанды облысының жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Қарағанды облысының жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағының деңгейінде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуді ұйымдастыруда меншік нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметін үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бригадасын басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін және Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Қарағанды облысының азаматтық қорғаныс объектілері» коммуналдық мемлекеттік мекемесін (әрі қарай – Мекеме) басқаруды жүзеге асыруға қатысты орган ретінде анықталған.