Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары және қонақтары!
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне, сондай-ақ Қарағанды қаласы архивтерінің қызметкерлері арасында аурудың таралуына байланысты, 2020 жылдың 25 маусымынан 9 шілдесіне дейін 3 мемлекеттік архивтің қызметі тоқтатылатын болады: Қарағанды облысының мемлекеттік архиві, Қарағанды қаласының мемлекеттік архиві, Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің көмір саласының жеке құрам бойынша филиалы. Осыған орай «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметі уақытша көрсетілмейді.