2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығындағы бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпарат
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджет мониторингі» модулі аясында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізуде.
Бюджет қаражатының білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларында жалақы төлеуге бағытталған мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында жалақы төлемдеріне тәуекел бейіні бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Тәуекел расталған жағдайда, дереу шаралар қабылдау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне ден қою-хаттар жіберіледі.